15 мамырда ШЫҰ-ға қатысушы елдердің көміртекті реттеу мәселелері жөніндегі дөңгелек үстел/семинарының онлайн отырысы өтті.

photo 2024 05 15 14 44 05

Шанхай ынтымақтастық ұйымы климаттың өзгеруі мәселесіне көп көңіл бөледі және өз Климаттық күн тәртібі бар.

ШЫҰ шеңберінде көміртегі бейтараптығы мен экологиялық тұрақтылыққа арналған конференциялар мен кездесулер өткізіледі. Жекелеген елдер парниктік газдар шығарындыларын азайту, жаңартылатын энергия көздерін дамыту және климаттық өзгерістерге бейімделу бойынша ұсыныстар мен бастамалар ұсынады.

Отырысты ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары - Сохаил Хан ашты, ол қатысушыларға 2024 жыл ШЫҰ шеңберінде Экология жылы деп жарияланғанын еске салды. Осыған байланысты, көміртекті реттеу мәселелерін шешу - дөңгелек үстелдің негізгі күн тәртібі ретінде таңдап алынғанын және әлемдегі көміртегі шығарындыларын азайту бойынша нақты стратегиялар мен шараларды талқылау және әзірлеу қажеттігін ерекше атап өтті.

Іс-шара шеңберінде көміртекті реттеу саласында тәжірибе алмасу жүзеге асырылды, бұл одан әрі озық тәжірибелер мен технологияларды пайдалануға, сондай-ақ неғұрлым тәжірибелі қатысушы елдердің алдында тұрған проблемаларды болдырмауға мүмкіндік береді. Айта кетейік, дөңгелек үстел отырысына Қазақстан, Қытай, Үндістан, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан, Иран және Пәкістан сияқты елдер қатысты.

Отырыста біздің елдің атынан: Сәуле Сабиева - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Климаттық саясат департаментінің директоры; Ботагөз Ахметова – "Жасыл Даму" АҚ шығарындылармен сауда жүйесі департаментінің директоры; Айдар Есембаев, Әлия Әбділдина – "Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" КЕАҚ халықаралық ынтымақтастық департаментінің қызметкерлері қатысты.

Қазақстандық тарап талқылауға ұсынған ең өзекті мәселелер: таза технологиялар мен экологиялық орнықты тәжірибелер саласындағы мемлекеттік қолдаудың тиімді әдістері мен тәсілдерін айқындау (мысалы, көміртегі шығарындыларын азайту жөніндегі инновациялық шешімдерді әзірлейтін және енгізетін компаниялар үшін қаржылық қолдау және салық жеңілдіктері) болды.

Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар көміртекті реттеу экономиканың көміртегі сыйымдылығын төмендетудің тиімді шараларының бірі және көміртекті неғұрлым тиімді реттеуге қол жеткізу және климаттың өзгеруіне қарсы жаһандық күш-жігерге жәрдемдесу үшін өзара іс-қимылды күшейту және озық тәжірибе алмасу қажеттілігі болып табылады деп түйіндеді.

15 мамырда ШЫҰ-ға қатысушы елдердің көміртекті реттеу мәселелері жөніндегі дөңгелек үстел/семинарының онлайн отырысы өтті. 15 мамырда ШЫҰ-ға қатысушы елдердің көміртекті реттеу мәселелері жөніндегі дөңгелек үстел/семинарының онлайн отырысы өтті.
Мәңгілік Ел даңғылы, С1.4 Z00Y4T8 Нұр-Сұлтан Ақмола облысы Қазақстан