Вебинар: «Төмен көмірсутекті трансформация: кадрмен қамтамасыз етуді жетілдіру трендтері»

баннер

Қазақстан Президенті Қасымжомарт Тоқаев ұлтқа жолдауында өршіп келе жатқан Климаттық дағдарысқа жауап ретінде 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу мақсатын белгіледі. Осы мақсатқа жету үшін энергетиканың өндірістік және тұтыну секторларында түбегейлі өзгерістер енгізу, экологиялық таза технологияларға көшу, инновациялық шешімдерді енгізу және қазба отындарын пайдаланудан бас тарту қажет.

Президенттің тапсырмасын орындау аясында "Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" КЕАҚ «Төмен көмірсутекті трансформация: кадрлармен қамтамасыз етуді жетілдіру трендтері» деп аталатын вебинар ұйымдастырды.

Климаттың өзгеруіне және экологиялық проблемаларға байланысты тәуекелдердің артуы энергетика саласындағы жаһандық трансформацияның қажеттілігін көрсетіп отыр. Бұған дейін Глазгодағы Климат жөніндегі әлемдік көшбасшылар саммитінде климаттық қатерлерді болдырмау және климаттық бейтараптыққа қол жеткізу үшін 2030 жылға қарай жаңартылатын көздерден алынатын энергия үлесін бес есеге арттыру жөніндегі Қазақстан Республикасының жоспарлары жарияланған болатын.

Соңғы жылдары, әсіресе климаттың өзгеруіне және экологиялық таза энергия көздеріне көшуге деген ұмтылысқа байланысты энергетика саласы көпшіліктің назарына ілініп отырған тақырыпқа айналды. Бұл әртүрлі дағдыларға машықтанған кадрларға деген сұраныстың артуына әкеп отыр.

Вебинарға қатысқандар: Медиева Гүлбазар Ақылқызы - Ғылыми-технологиялық даму және ҒТК офисінің басшысы; Көбенова Гүлзат Ісбасарқызы - ҚР Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрағасы; Сәбиева Сәуле Сағдатқызы - ҚР ЭТРМ Климаттық саясат департаментінің директоры; Алишер Құрбанәлиев, - э.ғ.к., ҚЭА-ның еңбек сіңірген энергетигі, халықаралық кеңесші; Бейсенханов Нұржан Бейсенханұлы - Материалтану және жасыл технологиялар мектебінің деканы, ҚБТУ; Соспанова Айнұр Сапарбекқызы - «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығының Басқарма Төрағасы; Алексей Дьяков - ERG білім жөніндегі жобаның үйлестірушісі; Нұржан Бейсен - GCIP ұлттық үйлестірушісі; Үмбетов Ерік Серікқалиұлы - Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті «МПИ» және «ЭВИЭ» кафедрасының доценті; Исмайылов Абдулахат Абдукәрімұлы - Энергетика және мұнай-газ индустриясы мектебінің деканы, ҚБТУ; Тергемес Қажыбек Тілеуғалиұлы - ВиАИЭ кафедрасының профессоры, АУЭБ;

Вебинардың толық нұсқасымен танысып, қарау үшін төмендегі сілтемеге өтіңіз:

https://youtu.be/zoY5HkxR8sA

Вебинар: «Төмен көмірсутекті трансформация: кадрмен қамтамасыз етуді жетілдіру трендтері» Вебинар: «Төмен көмірсутекті трансформация: кадрмен қамтамасыз етуді жетілдіру трендтері»
Мәңгілік Ел даңғылы, С1.4 Z00Y4T8 Нұр-Сұлтан Ақмола облысы Қазақстан