• Басты бет
  • Баспасөз хабарламалары
  • "Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" КЕАҚ базасында World Bank және UNEP өкілдерімен Тегеран Конвенциясы шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелері бойынша кездесу өтті.

"Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" КЕАҚ базасында World Bank және UNEP өкілдерімен Тегеран Конвенциясы шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелері бойынша кездесу өтті.

photo 2024 05 24 09 21 27

"Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" КЕАҚ (бұдан әрі - орталық) базасында World Bank және UNEP өкілдерімен Тегеран Конвенциясы шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелері бойынша кездесу өтті.

Қазақстан Республикасы бірқатар халықаралық конвенциялардың Тарабы болып табылады. Негізгі мақсаты кемелер мен жер үсті көздерінен мұнайдың ықтимал ластануын қоса алғанда, теңіз түбінде мұнай әзірлеу және өндіру жөніндегі қызметтен туындаған Каспий теңізі ластанған жағдайда іс-әрекет жасауға және ынтымақтастыққа дайындық жөніндегі өңірлік шараларды қамтамасыз ету болып табылады.

photo 2024 05 24 09 21 30

Қазіргі уақытта теңіз жолдарына жүктеменің артуына және жаңа теңіз жолдары картасының, оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағыты сияқты карталардың ұдайы кеңеюіне байланысты ықтимал төгілулерді бақылаудың қосымша шараларын қабылдау қажеттігі туындап отыр. Ол үшін Орталық экологиялық сезімталдық карталарын әзірлеу бастамасын ұсынды, онда кезеңде мұнай өнімдерін өндіру, тиеу және тасымалдау жүргізілетін аумақтарға мониторинг жүргізу ұсынылады.

Кеңес қорытындысы бойынша жобаның түпкілікті индикаторларын анықтау бойынша жұмысты одан әрі қорытынды жобалық құжатқа енгізу перспективасымен жалғастыру туралы шешім қабылданды.

photo 2024 05 24 09 21 26

Бұл жобаны іске асыру:

  • Қоршаған ортаға сапалы мониторинг жүргізуге және экологиялық тәуекелдерге дереу іс-әрекет жасауға;
  • Каспий өңірінің қоршаған ортасы үшін ықтимал қауіпті субъектілерді көбірек қамту бөлігінде нормативтік базаны жетілдіруге, сондай-ақ осы субъектілерге бақылау шараларын көздеуге мүмкіндік береді және,
  • Халықаралық ынтымақтастықты күшейтеді, жоба нәтижелерін Каспий өңірінің барлық елдеріне масштабтайды, сондай-ақ барлық Каспий маңы елдерін бірыңғай ақпараттық кеңістікке біріктіреді.
"Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" КЕАҚ базасында World Bank және UNEP өкілдерімен Тегеран Конвенциясы шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелері бойынша кездесу өтті. "Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" КЕАҚ базасында World Bank және UNEP өкілдерімен Тегеран Конвенциясы шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелері бойынша кездесу өтті.
Мәңгілік Ел даңғылы, С1.4 Z00Y4T8 Нұр-Сұлтан Ақмола облысы Қазақстан