• Басты бет
  • Баспасөз хабарламалары
  • ХЖТИЖО мен Дүниежүзілік банк өкілдері көміртекті баға белгілеу құралдарының келешекте шығарындыларды азайтуға қалай әсер ететінін талқылады

ХЖТИЖО мен Дүниежүзілік банк өкілдері көміртекті баға белгілеу құралдарының келешекте шығарындыларды азайтуға қалай әсер ететінін талқылады

1

«Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ (бұдан әрі - ХЖТИЖО) офисінде Дүниежүзілік банктің өкілдері Mr. Christophe de Gouvello, Mr. Martin Laplane және басқаларымен кездесу өтті.  

Кездесу барысында «ХЖТИЖО» КЕАҚ Басқарма Төрағасы Дидар Қарымсақов Қоғамның жүзеге асыратын қызметтері мен бағдарламалары туралы қысқаша презентация жасады. Сонымен қатар, ең үздік қолжетімді технологиялар (ЕҚТ) бойынша анықтамалықтар, GСIP бағдарламасы аясындағы стартаптар және басқа да инвестициялық жобалар да таныстырылды. Қоғамның жасыл күн тәртібін ілгерілетуге белсенді жәрдемдесетіні атап өтілді.

2

Өз кезегінде Дүниежүзілік банк өкілдері Қоғам қызметіне үлкен қызығушылық танытып, климаттық тәуекелдер әсерінің маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ Қазақстанның көміртегі бейтараптығына көшуі елдің экономикалық өсуіне жаңа мүмкіндіктер беретінін ерекше атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Дүниежүзілік Банк негізгі үйлестіруші болып табылатын Жаһандық баяндаманың маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ іске асырылып жатқан қызмет шеңберінде тұрақты негізде өзара пікір алмасып, ұсынымдар мен ұсыныстар беріп отыруға уағдаласты.

img 7056

ХЖТИЖО мен Дүниежүзілік банк өкілдері көміртекті баға белгілеу құралдарының келешекте шығарындыларды азайтуға қалай әсер ететінін талқылады ХЖТИЖО мен Дүниежүзілік банк өкілдері көміртекті баға белгілеу құралдарының келешекте шығарындыларды азайтуға қалай әсер ететінін талқылады
Мәңгілік Ел даңғылы, С1.4 Z00Y4T8 Нұр-Сұлтан Ақмола облысы Қазақстан