Жасыл технологиялар саласындағы ынтымақтастық Қазақстанның жасыл экономикаға көшуіне үлес қосады – Ж.Игенова

img 8609

Қазақстан мен Ресей аумағында құрылған жүйені ЕАЭО аумағында одан әрі тарату мүмкіндігі бар ЕҚТ саласындағы сарапшылардың бірыңғай қоғамдастығы құрылмақ. Бұл жөнінде «Халықаралық жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалар орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы және «Экологиялық өнеркәсіптік саясат орталығы» ғылыми-зерттеу институты» федералды мемлекеттік автономды мекемесі Екатеринбургте 2021 жылғы 6 шілдеде қол қойылған Өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы келісім аясында келісті.

Орталықтың Басқарма Төрағасының м.а. Жанар Игенованың айтуынша, тәжірибе алмасу, ЕҚТ енгізуді көздейтін «жасыл» жобаларды іске асыру шеңберінде сараптамалық сүйемелдеу және ғылыми-әдістемелік қолдау көрсету үшін Ресей ҒЗИ-мен ынтымақтастық жасалады.

«Келісім бизнес-идеялар мен алдыңғы қатарлы жасыл технологияларды дамытуға ықпал ететініне, сондай-ақ Қазақстанның жасыл экономикаға көшуіне үлес қосатынына сенімдіміз», - деді Жанар Игенова.

Қойылған мақсаттарды іске асыру үшін тараптар ғылыми-техникалық, ғылыми-зерттеу және инновациялық белсенділікті арттыру тақырыптары бойынша бірлескен іс-шаралар мен семинарлар өткізу, ЕҚТ дамыту және енгізу, өнеркәсіптің климаттық жобаларын іске асыру мәселелері бойынша ақпарат алмасуды жүзеге асыру, сондай-ақ экология, климаттың өзгеруі және қоршаған ортаны қорғау саласында іргелі ғылыми зерттеулер жүргізу сияқты міндеттерді шешу қажет деп санайды.

Бұдан басқа, Халықаралық орталық пен Ресейлік ҒЗИ сұранысқа бағдарланған жасыл және ең үздік қолжетімді технологиялар саласындағы ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін ілгерілетуге және коммерцияландыруға жәрдем көрсететін болады.

Жасыл технологиялар саласындағы ынтымақтастық Қазақстанның жасыл экономикаға көшуіне үлес қосады – Ж.Игенова Жасыл технологиялар саласындағы ынтымақтастық Қазақстанның жасыл экономикаға көшуіне үлес қосады – Ж.Игенова
Мәңгілік Ел даңғылы, С1.4 Z00Y4T8 Нұр-Сұлтан Ақмола облысы Қазақстан