Қазақстандағы климаттық жобалар БҰҰ Қорынан қаржы ала алады

Астанада Қазақстан Республикасының 2024–2027 жылдарға арналған Жасыл климаттық қордың елдік бағдарламасының тұсаукесері өтті.

Жасыл климаттық қор (ЗКФ) – парниктік газдар шығарындыларын азайтатын жобаларға арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясының негізгі қаржылық механизмі.

Қор өз жұмысы барысында 1290 елде жалпы сомасы 13,5 миллиард АҚШ долларын құрайтын 243 жобаны қаржыландырды. Бұл негізінен өнеркәсіпте және қалдықтарды басқару секторында парниктік газдар шығарындыларын азайту, көлікті декарбонизациялау, сондай-ақ климаттың өзгеруіне бейімделу жобалары, ауыл шаруашылығында және ормандарды тұрақты басқаруда қолданылады.

Қазақстандағы Елдік бағдарламаны дайындау барысында экономиканың әртүрлі салаларындағы 190-нан астам ұйыммен консультативтік кездесулер өткізілді, сондай-ақ 100-ден астам отандық компанияларға онлайн сауалнама жүргізілді. Нәтижесінде ЖКҚ-дан қаржылық қолдауға 23 жобалық ұсыныс түсті. Елдік бағдарламаның басымдықтарын анықтау үшін нақты ұсыныстар берілген.

«Елдік бағдарлама – Жасыл климаттық қор мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық басымдықтарын қалыптастыратын және алдағы жылдардағы жұмыстың негізгі бағыттарын айқындайтын стратегиялық құжат. Бағдарлама аккредиттелген компанияларға кейіннен Жасыл климаттық қордың қолдауына ие болатын басым жобаларды анықтауға көмектеседі», - деді «Readiness» жобасының жетекшісі Сырым Нұрғалиев.

Жалпы, жеке компаниялар да, мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордағы компаниялар да қаржыландыруға сене алады. Ең бастысы, ұсыныстар елдің басымдықтарына, сондай-ақ ЖКҚ инвестициялық критерийлеріне сәйкес келуі керек.

«Келешекте Қазақстан мүдделі тараптардың қызметін үйлестірудің ұлттық механизмін құрып, сондай-ақ ұлттық ұйымдарды ЖКҚ-да аккредиттеуді қамтамасыз етіп, сол арқылы Қор ресурстарына қол жеткізуге болады. Барлық ұсынымдар әзірленіп, нормативтік құжаттардың жобалары дайындалды, үйлестіру тетігін іске асыру схемасы, сондай-ақ қарсылық білдірмеу рәсімдері ұсынылды. Енді Қазақстан үкіметі таңдалған тетік туралы шешім қабылдап, қаржыландыру идеяларын дамыту үшін жағдай жасауға кірісуі керек. Бұл жаңа технологияларды тартуды ынталандырып, ескірген инфрақұрылымымызды жаңғыртуға және Қазақстанның климаттың өзгеруі саласындағы халықаралық міндеттемелеріне қол жеткізуге ықпал ететініне сенімдімін», - деді ECOJER Қазақстан қауымдастығының бас директорының кеңесшісі Рамазан Жампейісов.

Тұсаукесер семинарында Қауымдастықтың халықаралық кеңесшісі Александра Новикова (Германия) қатысушыларға ЖКҚ тәжірибесінің талдауын және Қазақстан Республикасының елдік бағдарламасының қорытынды жобасын ұсынды. Энергия тиімділігі бойынша сарапшы Александр Белый Қазақстандағы ЖКҚ жобасының идеялар портфолиосының талдауын ұсынды. Аккредиттеу мәселелері бойынша «ХЖТЖИЖО» КЕАҚ өкілдері сөз сөйледі.

Сол күні қатысушылар үйлестіру механизмі бойынша, сондай-ақ ЖКҚ-да берілген өтінімдердің барлық стратегиялық құжаттарға және елдің даму жоспарларына сәйкестігін қамтамасыз ететін «Қарсылықсыз» процедурасы бойынша тәжірибелік сабақтардан өтті.

Семинарды Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ, «ECOJER» қазақстандық қауымдастығы ұйымдастырды. Семинарға мемлекеттік органдардың, ұлттық қаржы институттарының, үкіметтік емес сектордың, сондай-ақ Жасыл климаттық қордың қолдауымен климаттық жобаларды жүзеге асыруға мүдделі халықаралық ұйымдар мен компаниялардың өкілдері қатысты.

Анықтама үшін: Қазақстан Республикасының Жасыл климаттық қордың 2024–2027 жылдарға арналған елдік бағдарламасы ұйымдар мен мүдделі компанияларға климаттық қаржыландыруды алуға мүмкіндік беру үшін әзірленіп жатыр. Бағдарлама сонымен қатар жасыл қаржыландыру жобалары мен бағдарламаларын әзірлеуге мүдделі аккредиттелген компаниялар үшін нұсқаулық болады. Бағдарлама Қазақстан Республикасының қолданыстағы ұлттық және салалық стратегияларын, бағдарламалары мен іс-шаралар жоспарларын талдауға негізделген.

Қазақстандағы климаттық жобалар БҰҰ Қорынан қаржы ала алады Қазақстандағы климаттық жобалар БҰҰ Қорынан қаржы ала алады
Мәңгілік Ел даңғылы, С1.4 Z00Y4T8 Нұр-Сұлтан Ақмола облысы Қазақстан