Жасыл экономикаға бастайтын «Бір белдеу, бір жол».

20240412 104157

Бүгін ХЖТИЖО алаңында Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің Сауда-экономикалық мәселелер жөніндегі Уәкілі-Кеңесшісі Су Юй мырза мен ХЖТИЖО Басқарма Төрағасының м.а. Д.Н. Қарымсақов кездесу өткізді.

Кездесу ынтымақтастықтың әлеуетті жолдарын, соның ішінде тәжірибе мен технология алмасуды талқылау мақсатында ұйымдастырылды. Тараптар сондай-ақ перспективалы жасыл жобаларды талқылап, осы жобаларды, оның ішінде «Бір белдеу, бір жол» стратегиялық бастамасы аясында табысты жүзеге асыру үшін қажетті инвестициялар мен қаржылық ресурстарды қамтамасыз етуге ерекше назар аударды. Кездесу барысында екі тараптың өкілдері бір-бірін жасыл экономикаға көшуді жүзеге асыруға бағытталған қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді перспективадағы жан-жақты жоспарларымен таныстырды. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар әрі қарай ынтымақтастықты жалғастыратындарына және тұрақты түрде ақпарат алмасып отыратындарына үміт білдіре отырып, екі жақтың дайын екендігін жеткізді.

Жасыл экономикаға бастайтын «Бір белдеу, бір жол». Жасыл экономикаға бастайтын «Бір белдеу, бір жол».
Мәңгілік Ел даңғылы, С1.4 Z00Y4T8 Нұр-Сұлтан Ақмола облысы Қазақстан