«Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ ерекше жұмыс тәртібіне көшті

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау орталығы жаңа коронавирус COVID-19-ды пандемия деп жариялауына және Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізілуіне байланысты «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» ерекше жұмыс тәртібіне көшті. 

Атап айтқанда, Қоғамның Басқарма Төрағасының бұйрығы бойынша жұмыс кездесулері мен мәжілістері шектелді, қажет болғанда оперативтік міндеттерді шешу кезінде ақпараттық-коммуникативтік құралдарды пайдалану шаралары енгізілді, қызметкерлердің іссапарлары, сондай-ақ көпшілік қатысатын шаралар кейінге қалдырылды. 

Қоғамның кейбір қызметкерлері қашықтан жұмыс істеу тәртібіне ауысты. 

Қоғамның барлық қызметкерлеріне COVID-19 тіркелген жағдайда қарым-қатынас жасаған тұлғаны оқшаулау тәртібі туралы ақпарат берілді, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қауырт желідегі телефоны ұсынылды. 

Қоғамның ғимаратында коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша санитарлық шаралар қабылданды.  

«Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ ерекше жұмыс тәртібіне көшті «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ ерекше жұмыс тәртібіне көшті
Мәңгілік Ел даңғылы, С1.4 Z00Y4T8 Нұр-Сұлтан Ақмола облысы Қазақстан