ЕҚТ жөніндегі комитеттің бекіту отырысы өткізілді

ЕҚТ жөніндегі комитеттің бекіту отырысы өткізілді

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі М. Т. Ошурбаевтың төрағалығымен ең үздік қолжетімді техникалар комитетінің (бұдан әрі-ЕҚТ) бекіту отырысы өткізілді.

Отырысты ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі М. Т. Ошурбаев ашты. «ЕҚТ комитеті құрылған сәттен бастап 2021 жылғы 1 қаңтарға арналған ластаушы заттардың жиынтық шығарындылары бойынша ең ірі, І санаттағы елу объектінің тізбесіне енгізілген қызмет түрлері бойынша қоршаған ортаға неғұрлым жиынтық әсер ету тұрғысынан І санаттағы объектілер үшін ЕҚТ бойынша 16 анықтамалық қаралды және келісілді, оларды бүгінгі күні Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен» – деп ерекше атап көрсетті Мансұр Тұрсынұлы.

Сондай-ақ, “Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы” КЕАҚ Басқарма төрағасының орынбасары Е. Е. Тасбаев ЕҚТ бойынша анықтамалықтарды әзірлеу жөніндегі ағымдағы қызмет туралы баяндады, ол: «Орталықтың стратегиялық мақсаты ЭЫДҰ елдерінің озық тәжірибесіне сәйкес өнеркәсіптің ЕҚТ қағидаттарына көшуіне жәрдемдесу болып табылады. Бүгінгі таңда ЕҚТ қоршаған ортаны қорғау саласындағы тренд болып табылмайтынын, бірақ экономиканың әртүрлі салаларында өнеркәсіпті дамытудың қажетті кезеңі болып табылатынын ескере отырып, Қазақстандағы I санаттағы объектілерді ЕҚТ қағидаттарына көшіру мәселесін жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту мен реконструкциялауды жүргізумен және жоғары технологиялық және экологиялық стандарттарға жауап беретін жаңа кәсіпорындар құрумен ұштасатын таяу перспектива ретінде қарастыру қажет», – деп түсіндіріп өтті.

2024 жылы Орталық ЕҚТ бойынша үш анықтамалықты әзірлеуді жүзеге асырады, оларды аяқтау еңбек сыйымдылығына және көп кезеңділігіне қарамастан ағымдағы жылы жоспарланып отыр:

1) «Негізгі органикалық химиялық заттар және полимер өндірісі»;

2) «Атмосфералық ауаға және су объектілеріне ластаушы заттардың эмиссияларына мониторинг жүргізу»;

3) «Елді мекендердің орталықтандырылған су бұру жүйелерінің сарқынды суларын тазарту»;

Отырыс қорытындысы бойынша ағымдағы жылдың соңына дейін ЕҚТ жөніндегі комитеттің одан әрі жұмыс жоспары қаралып, келісілді.