Қазақстан Республикасы бірқатар халықаралық конвенциялардың Тарапы болып табылады. Негізгі мақсаты кемелер мен жер үсті көздерінен мұнайдың ықтимал ластануын қоса алғанда, теңіз түбінде мұнай әзірлеу және өндіру жөніндегі қызметтен туындаған Каспий теңізі ластанған жағдайда ден қоюға және ынтымақтастыққа дайындық жөніндегі өңірлік шараларды қамтамасыз ету болып табылады.
Қазіргі уақытта теңіз жолдарына жүктеменің артуына және жаңа теңіз жолдары картасының, соның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағыты сияқты карталардың тұрақты кеңеюіне байланысты ықтимал төгілулерді бақылаудың қосымша шараларын қабылдау қажеттігі туындайды. Ол үшін Орталық экологиялық сезімталдық карталарын әзірлеу бастамасын ұсынды, онда кезеңде мұнай өнімдерін өндіру, тиеу және тасымалдау жүргізілетін аумақтарға мониторинг жүргізу ұсынылады.
Кеңес қорытындысы бойынша жобаның түпкілікті индикаторларын анықтау бойынша жұмысты одан әрі қорытынды жобалық құжатқа енгізу перспективасымен жалғастыру туралы шешім қабылданды.
Бұл жобаны іске асыру:
- Қоршаған ортаға сапалы мониторинг жүргізу және экологиялық тәуекелдерге жедел іс-қимыл жасауға;
- Каспий өңірінің қоршаған ортасы үшін ықтимал қауіпті субъектілерді көбірек қамту бөлігінде нормативтік базаны жетілдіру, сондай-ақ осы субъектілерге бақылау шараларын көздеуге;
- Халықаралық ынтымақтастықты күшейтеді, жоба нәтижелерін Каспий өңірінің барлық елдеріне масштабтайды, сондай-ақ барлық Каспий маңы елдерін бірыңғай ақпараттық кеңістікке біріктіруге мүмкіндік береді.
