“Бір белдеу – бір жол” бастамасына қосылған елдер үшін жасыл даму шеңберінде оқыту және тәжірибе алмасу

“Бір белдеу – бір жол” бастамасына қосылған елдер үшін жасыл даму шеңберінде оқыту және тәжірибе алмасу

“Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы” КЕАҚ қызметкерлері Қытай Халық Республикасының Коммерция министрлігі демеушілік ететін және “Бір белдеу – бір жол” бастамасы елдері үшін экологиялық өркениет және жасыл даму шеңберінде ұйымдастырылған семинарлар сериясына қатысады.

Семинарға қатысушылар арасында Қазақстан, Өзбекстан, Түркия, Доминикан республикасы, Малайзия, Уругвай, Куба, Ауғанстан және т. б. министрліктер мен ғылыми ұйымдардың өкілдері бар.

Семинарларда Қытайдың жоғары оқу орындарының профессорлары 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу үшін жасыл экономиканы қалыптастыру бойынша тәжірибелерімен бөліседі, сондай-ақ әлемдік практикадан Жасыл экономика қағидаттарын енгізу бойынша ең үздік кейстерді қарастырады және егжей-тегжейлі талдайды.

Сонымен қатар, семинар қатысушыларына тәжірибе және ақпарат алмасу мақсатында ҚХР жетекші ірі кәсіпорындарына барудың бірегей мүмкіндігі ұсынылды. Сонымен оқу барысында Solar, CHINT және Hangxiao Steel Structure ОА кәсіпорындарына барды.