Қоршаған ортаны қорғауға салынатын инвестициялар

Қоршаған ортаны қорғауға салынатын инвестициялар

2023 жылы Қазақстан табиғатты қорғау іс-шараларына шамамен 610 млрд теңге инвестициялады. Инвестициялардың негізгі үлесі үш бағыт бойынша бөлінді:

  • қалдықтарды қайта өңдеу – 131 млрд теңге немесе жалпы көлемнің 24% жіберілді;
  • атмосфералық ауаны қорғау және климаттың өзгеруі проблемалары– 122 млрд тг немесе жалпы инвестиция көлемінің 20%;
  • ағынды суларды тазарту, 115 млрд тг немесе 19% инвестиция салынды.

Инвестициялардың ең көп ағыны кәсіпорындардың жеке қаражатына түсті. Олардың жалпы көрсеткіштегі үлесі – 81% немесе 496,8 млрд теңгені құрады. Бұл ретте 2023 жылы бюджет қаражатынан қоршаған ортаны қорғау іс-шараларын қаржыландыру 13 млрд теңгеден аспады.

Өңірлер тұрғысында инвестиция көлемі 128 млрд теңгені құраған Ақмола облысы көш бастап тұр. оның 124 млрд-ы ЖЭК саласындағы қызметке бағытталды.

Айта кету керек, өткен жылмен салыстырғанда осы бағыттағы нысаналы инвестициялар 27% – ға өсті, олардың көлемі 2022 жылы 444,5 млрд теңгені құрады.