«Марубени Корпорейшн» компаниясының өкілдерімен кездесу қорытындысы

«Марубени Корпорейшн» компаниясының өкілдерімен кездесу қорытындысы

 

7 тамызда Астана қаласында Басқарма Төрағасының орынбасары Темірлан Атарбаев бастаған «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ (бұдан әрі – Орталық) өкілдері Астанадағы «Марубени Корпорейшн» өкілдігінің Бас менеджері Минэдзаки Наотакамен және Бизнесті дамыту жөніндегі үйлестіруші Владислав Пугачевпен кездесу өткізді.

Кездесуде тараптар Қазақстандағы тұрақты даму және жасыл технологиялар саласындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады. Темірлан Атарбаев Қазақстанның тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін халықаралық әріптестермен өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтіп, «Марубени Корпорейшн» компаниясымен бірлесіп жұмыс істеудің елеулі әлеуетін атап өтті.

Сонымен қатар, ол Орталықтың негізгі жобаларымен, Global Cleantech Innovation Program (GCIP) және IGTIC Academia,  таныстырып, сондай-ақ, ұлттық әлеуетті нығайтуға және климаттық бастамаларды іске асыруға дайындыққа бағытталған Жасыл климаттық қор (Green Climate Fund) шеңберінде Readiness бағдарламасын жүзеге асыратынын атап өтті.

«Марубени Корпорейшн» өкілдері одан әрі ынтымақтастыққа қызығушылық танытып, Қазақстандағы «жасыл» жобаларды дамыту бойынша өз жоспарларымен бөлісті. Олар, сондай-ақ, елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған бастамаларды қолдауды жалғастыруға дайын екендіктерін растады.

Тараптар бірлескен «жасыл» жобалар мен бастамаларды дамыту үшін үнемі пікір және ұсыныстар алмасып отыруға уағдаласты.