“Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы” КЕАҚ “Қазақстандағы таза технологиялар саласындағы инновациялардың жаһандық бағдарламасы: Қазақстанда жасыл жұмыс орындарын ашу үшін ШОБ таза технологиялар мен кәсіпкерлік саласындағы инновацияларды ілгерілету” жобасы бойынша жобалық іс-шараларды орындау және іске асыру үшін мынадай мамандарды жұмысқа шақыратыны туралы хабарлайды:
1) Қалдықтарды басқару және заманауи материалдар мен химикаттар бойынша мамандандырылған ментор.
Біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, өтінімдер 5 (бес) жұмыс күні ішінде қабылданады. Өтінімдерді қабылдау мерзімі 2024 жылғы 12 тамызда басталады.
Қойылатын біліктілік талаптарымен және техникалық Тапсырмамен танысу үшін сілтемелерге кіру қажет.
Қызметтер көрсету үшін бөлінген сома салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді ескере отырып, 2 250 000 (екі миллион екі жүз елу мың) теңгені құрайды.
Лауазымға мүдделілік танытқан жағдайда, конкурсқа қатысуға өтінім мен қоса берілген нысан бойынша баға ұсынысын, жеке куәлікті, түйіндемені және біліктілікті растайтын құжаттарды (түйіндеме, жеке куәлік, жоғары білім туралы құжат, сертификаттар (бар болса), қосымша мәліметтер) электрондық мекенжайға ұсынуыңызды сұраймыз: hr@igtipc.org.