Қазақстанда тұрақты даму және GCIP жобасынан шығу стратегиясын әзірлеу жөніндегі консультант

“Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы” КЕАҚ “Қазақстандағы таза технологиялар саласындағы инновациялардың жаһандық бағдарламасы: Қазақстанда жасыл жұмыс орындарын ашу үшін ШОБ таза технологиялар мен кәсіпкерлік саласындағы инновацияларды ілгерілету” жобасы бойынша жобалық іс-шараларды орындау және іске асыру үшін мынадай мамандарды жұмысқа шақыратыны туралы хабарлайды:

1) Қазақстанда тұрақты даму және GCIP жобасынан шығу стратегиясын әзірлеу жөніндегі консультант

Біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, өтінімдер 5 (бес) жұмыс күні ішінде қабылданады.

Өтінімдерді қабылдау күні: 2024 жылғы 29 тамыздан 5 қыркүйекке дейін (қоса алғанда)

Қойылатын біліктілік талаптарымен және Техникалық тапсырмамен танысу үшін сілтемелерге кіру қажет.

Қызметтер көрсету үшін бөлінген сома салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді ескере отырып, 9 350 000 (Тоғыз миллион үш жүз елу мың) теңге.

Лауазымға мүдделілік танытқан жағдайда конкурсқа қатысуға өтінім мен қоса берілген нысан бойынша баға ұсынысын, жеке куәлікті, түйіндемені және біліктілікті растайтын құжаттарды (түйіндеме, жеке куәлік, жоғары білім туралы құжат, сертификаттар (бар болса), қосымша мәліметтер) мына электрондық мекенжайларға ұсынуыңызды сұраймыз: hr@igtipc.org, d.suleimenov@igtipc.org.

Техникалық тапсырма

Біліктілік талаптар

Келісім шарт жобасы

Өтінім және баға ұсынысы нысаны