Жәкеев Бекежан Искандарұлы «Әділет» құқықтану академиясы жоғары құқық мектебін «Құқықтану» мамандығы бойынша, сондай-ақ Астана қаласындағы Еуразия Гуманитарлық Институтын, «Экономика және бизнес бакалавры» мамандығы бойынша бітірген.
Жалпы жұмыс өтілі 20 жылдан асады. Еңбек жолын 2003 жылдан бастап банк жүйесінде заңгер болып бастаған. 2009 жылдан 2024 жылға дейін әртүрлі кезеңдерде экономиканың өндірістік, квазимемлекеттік және қаржы секторларында басшылық позицияларда жұмыс істеді.
Ағымдағы жылдың басынан бастап Орталықтың Аппарат басшысы – Заң және әкімшілік жұмысы департаментінің директоры қызметін атқарды.