«Алкоголі аз және алкогольсіз сусындар өндірісі» ең үздік қолжетімді техникалар бойынша анықтамалығын әзірлеу мәселесі бойынша Техникалық жұмыс тобының мүшелерін іріктеуге қатысу үшін өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру

«Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ «Ең үздік қолжетімді техникалар бойынша анықтамалықтарды әзірлеу, қолдану, мониторингілеу және қайта қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы қаулысының       20-тармағына сәйкес, «Алкоголі аз және алкогольсіз сусындар өндірісі» ең үздік қолжетімді техникалар (бұдан әрі – ЕҚТ) бойынша анықтамалығын әзірлеу мәселесі бойынша техникалық жұмыс тобының (бұдан әрі – ТЖТ) құрамына қатысушыларды іріктеудің басталғаны туралы хабарлайды.

ТЖТ құрамына ЕҚТ қолданылатын тиісті салалардағы өнеркәсіп субъектілерінің, ғылыми ұйымдардың, зерттеу орталықтарының, жоғары оқу орындарының, экологиялық қауымдастықтардың, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органдардың, қоғамдастықтың өкілдері,  ЕҚТ қолданылатын тиісті салалар бойынша қажетті білімі мен тәжірибесі бар тәуелсіз отандық және шетелдік сарапшылар кіреді.

Құрамға іріктеу кандидаттардың техникалық, экономикалық, экологиялық немесе заңнамалық сараптамалық білімдері, сондай-ақ олардың біліктілік талаптарына сәйкестігі (технолог, эколог, өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі маман, санитариялық-гигиеналық нормативтер жөніндегі маман, экологиялық менеджмент саласындағы маман), сонымен қатар:

– жоғары білімінің болуы;

– саладағы жұмыс тәжірибесі – кемінде 5 жыл;

– саланың технологиялық процестерін, стандарттарын және экологиялық аспектілерін білу;

– бейіні бойынша докторлық ғылыми дәрежесінің немесе академиялық дәрежесінің, ғылыми атағының болуы (ЖОО және ҒЗИ өкілдері үшін);

– экологиялық жобалау және нормалау жөніндегі жобаларға қатысуы (жобалау ұйымдарының өкілдері үшін) негізінде жүргізіледі.

Ресми өтінім беру үшін төмендегі сілтеме бойынша сауалнаманы толтыру қажет:

http://ndt.igtipc.org/Account/Registred

Өтінімдерді қабылдау хабарландыру орналастырылған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Анықтамалық ақпаратқа арналған байланыс деректері:

Тұрғамбаева Қарлығаш, ЕҚТ бюросының Сараптамалық бағалау басқармасы.

Байланыс деректері: +7 705 218 7733, +7(7172)793234,

e-mail: k.turgambayeva@igtipc.org.

Техникалық жұмыс тобына өтінім

Техникалық жұмыс тобына қойылатын біліктілік талаптары

Өтінім нысаны