Астанада алғаш рет Green Runway Fashion Show эко-сән көрсетілімі өтті

Астанада алғаш рет Green Runway Fashion Show эко-сән көрсетілімі өтті

Астанада алғаш рет Өңірлік экологиялық саммит және RES 2026 EXPO халықаралық көрмесі аясында Орталық Азия елдері мен Әзірбайжан дизайнерлерінің Green Runway Fashion Show эко-сән коллекциялары көрсетілді.

Подиумда ұлттық мәдениет элементтерін, заманауи дизайнерлік тәсілдер мен тұрақты сән идеяларын біріктірген коллекциялар ұсынылды. Көрмеге Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Әзірбайжаннан 9 дизайнер қатысты.

Өз коллекциясын ұсынғандар: Айдархан Қалиев, Қазақстан – «Жібек мұра»/«Шёлковое наследие» және Nomad Couture -«Көшпелі кутюр: гобелен және аң терісі»; Татьяна Воротникова, Қырғызстан – «Қызыл ою»; Хуршед Сатторов, Тәжікстан – «Шахнаме»; Лейли Хаидова, Түрікменстан – «Қарақұм шөлінің көктемгі бояулары»; Өзбекстан – «Жаңа көктем»; Гюльнара Халилова, Әзірбайжан – «Миниатюра» және «Апсайклинг»; Хамида Иноятова, Өзбекстан – «Арабески»; Руслан Имбергенов, Қазақстан – «Қайта түлеу»; Нафис Имранов, Тәжікстан – TAMADDOON.

Көрсетілімге Орталық Азия елдерінің мемлекеттік органдарының, халықаралық ұйымдардың, бизнестің, медианың, фэшн-индустрияның, дипломатиялық корпустың, іскерлік және сарапшылық топтардың өкілдері, сондай-ақ RES 2026 EXPO саммиті мен көрмесіне қатысушылар қатысты.

Central Asian Green Runway сән, экологиялық күн тәртібі мен өңірлік бірегейлікті біріктіре отырып, саммиттің мәдени бағдарламасының маңызды бөлігіне айналды.