БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Қазақстан Ыстамбулдағы ЭЫДҰ алаңында ЕҚТ енгізу тәжірибесін ұсынды


ЖАРИЯЛАНҒАН: 15.10.2026
БӨЛІСУ:
← Барлық жаңалықтар

6-9 қазанда Ыстамбұлда (Түркия) өткен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) Сараптамалық тобының 11-ші отырысында ең үздік қолжетімді техникаларды (ЕҚТ) енгізу және өнеркәсіпті экологиялық реттеуді жетілдіру бойынша қазақстандық тәжірибе туралы белгілі болды.

Экологиялық таза өндіріс жөніндегі халықаралық конференция аясында қазақстандық делегация атынан Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының өкілдері ЕҚТ салалық анықтамалықтарын әзірлеу және өнеркәсіптік кәсіпорындардың кешенді экологиялық рұқсаттарға көшу жөніндегі тәсілдерін таныстырды.

Ұсынылған практикалар халықаралық сарапшылардың, оның ішінде ЭЫДҰ, Корея Республикасы, Ұлыбритания, ЮНИСЕФ және Таиланд өкілдерінің қызығушылығын тудырды. Қатысушылар эко-логиялық реттеу және ЕҚТ енгізу саласында одан әрі тәжірибе алмасуға қызығушылық танытты.

Іс шараларға қатысу халықаралық кәсіби байланыстарды нығайтуға және жасыл технологиялар мен өнеркәсіпті экол