Негізгі мазмұнға өту
Баспасөз релизі

Қазақстанның 35-тен астам сайд-ивенті мен негізгі климаттық бастамасы: Антальяда өтетін COP31 конференциясында ұлттық павильон таныстырылады

Жарияланды:
Бөлісу:

БҰҰ-ның Кли­мат­тың өз­ге­руі жө­нін­дегі 31-кон­фе­рен­циясы (COP31) ая­сында Қа­зақ­стан­ның ұлттық па­виль­о­нында 35-тен астам та­қы­рып­тық іс-шара (сайд-ивент) өтеді. Кон­фе­рен­ция 2026 жылғы 9–20 қараша ара­лы­ғында Түр­кия­ның Ан­талья қа­ла­сында ұйым­дас­ты­ры­лады.

Қа­зақ­стан­ның ұлттық па­виль­оны елдің кли­мат­тық бас­та­ма­ла­рын та­ныс­ты­руға, жасыл тех­но­ло­гия­ларды іл­ге­рі­ле­туге, ин­вес­ти­ция­лар тар­туға және ха­лы­қа­ра­лық ын­ты­мақ­тас­тықты да­мы­туға ар­нал­ған ха­лы­қа­ра­лық алаңға ай­на­лады. Кли­мат­тық мін­дет­те­ме­лерді нақты эко­но­ми­ка­лық ше­шім­дер мен прак­ти­ка­лық жо­ба­ларға ай­нал­дыру та­қы­ры­бына ба­сым­дық бе­рі­леді.

Бағ­дар­лама ая­сында Ха­лы­қа­ра­лық жасыл тех­но­ло­гия­лар және ин­вес­ти­ция­лық жо­ба­лар ор­та­лығы (IGTIC) Қа­зақ­стан­ның кли­мат­тық ин­вес­ти­ция­лар мен жасыл тех­но­ло­гия­лар са­ла­сын­дағы өңір­лік хаб ре­тін­дегі ұс­та­ны­мын ны­ғай­туға ба­ғыт­тал­ған бір­қа­тар ма­ңызды бас­та­ма­ларды та­ныс­ты­рады.

Олар:

– QCIP – Қа­зақ­стан­ның кли­мат­тық ин­вес­ти­ция­лар плат­фор­масы. ҚР Эко­ло­гия және табиғи ре­сур­стар ми­нис­трлігі, ҚР Энер­ге­тика ми­нис­трлігі және Еу­ро­па­лық қайта құру және даму бан­кі­мен (ЕҚДБ) бір­лес­кен, кли­мат­тық ин­вес­ти­ция­ларға ар­нал­ған бі­рың­ғай ұлттық плат­фор­ма­ның та­ныс­ты­ры­лымы.

– Ха­лы­қа­ра­лық кө­мір­тек нарығы (Париж ке­лі­сі­мі­нің 6-бабы). Verra, Evident және «Жасыл даму» АҚ-ның қа­ты­суы­мен ха­лы­қа­ра­лық кө­мір­тек мә­мі­ле­ле­рі­нің те­тік­те­рін іл­ге­рі­лету және тиісті ин­фра­құ­ры­лымды дамыту.

– Кли­мат­тық ашық­тық (ETF). Кли­мат­тық есеп­ті­лік жү­йе­сін енгізу, екі жылдық ашық­тық туралы баян­да­ма­ларды (BTR) да­йын­дау және БҰҰ-ның Кли­мат­тың өз­ге­руі жө­нін­дегі не­гіз­де­ме­лік кон­вен­ция­сы­ның (БҰҰ КӨНК) Хат­шы­лы­ғы­мен және БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл ша­руа­шы­лығы ұйы­мы­мен (ФАО) әріп­тес­тікте CBIT жо­ба­сын іске қосу.

Қа­зақ­стан па­виль­о­ны­ның бағ­дар­ла­ма­сында мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың, ха­лы­қа­ра­лық ұйым­дар­дың, қаржы ин­сти­тут­та­ры­ның, бизнес өкіл­дері мен са­рап­шы­лар қауым­дас­тығы бас қосады. Қа­ты­су­шы­лар кли­мат­тық қар­жы­лан­ды­ру­дың пер­спек­ти­ва­ла­рын, өнер­кә­сіпті де­кар­бо­ни­за­ция­лау, кө­мір­тегі на­ры­ғын дамыту және ин­но­ва­ция­лық эко­ло­гия­лық ше­шім­дерді енгізу мә­се­ле­ле­рін тал­қы­лайды.

COP31-ге қатысу Қа­зақ­станға ха­лы­қа­ра­лық аре­нада қол жет­кіз­ген же­тіс­тік­тері мен жаңа жо­ба­ла­рын та­ныс­ты­руға, ше­тел­дік әріп­тес­тер­мен ын­ты­мақ­тас­тықты ке­ңей­туге және елдің жасыл эко­но­мика са­ла­сын­дағы ин­вес­ти­ция­лық әлеуе­тін көр­се­туге мүм­кін­дік береді.