БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Қазақстан Антальядағы COP31 климаттық саммитінде көміртегі нарығының жаңа архитектурасын таныстырады


ЖАРИЯЛАНҒАН: 09.11.2026
БӨЛІСУ:
← Барлық жаңалықтар

13 қарашада БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясы тараптарының 31-конференциясы (COP31) аясында Қазақстанның Ұлттық павильонында ұлттық көміртегі нарығын дамытуға және оны халықаралық ынтымақтастыққа интеграциялауға арналған сессия өтеді. Іс-шараны ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы (IGTIC) және «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) «Атамекен» ҰКП мен «Жасыл даму» АҚ-ның қатысуымен ұйымдастырады.

Қазақстан халықаралық қоғамдастыққа көміртегі нарығының тұтас архитектурасын, атап айтқанда, шығарындылар саудасы жүйесін (ETS), ерікті көміртегі нарығын (VCM) және Париж келісімінің 6-бабы шеңберіндегі тетіктерді, сондай-ақ қазақстандық климаттық жобалардың инвестициялық әлеуеті мен оларды қаржыландыру мүмкіндіктерін таныстырады.

Бағдарламаның негізгі іс-шаралары:

  • Құжаттарға қол қою. «Атамекен» ҰКП мен Түркияның Өнеркәсіпшілер және кәсіпкерлер қауымдастығы (TÜSİAD) арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою; «Жасыл даму» АҚ мен Апаттар қаупіне дайындық жөніндегі Азия орталығы (ADPC) арасында климаттық тәуекелдерді бағалау және климаттың өзгеруіне бейімделу мәселелері бойынша, сондай-ақ «Жасыл даму» АҚ мен Стокгольм қоршаған орта институтының (SEI U.S.) арасында парниктік газдар мен метан шығарындыларын модельдеу жөніндегі меморандумдарға қол қою; «ҚазахИнвест» ҰК» АҚ мен NULOOP арасында құжаттар папкаларымен алмасу.
  • I панель. «Халықаралық ынтымақтастық және Париж келісімінің 6-бабы: жобадан көміртегі бірліктеріне дейін» (модератор – IGTIC Басқарма төрағасының орынбасары Ерлан Жұмабаев). Панельге «Жасыл даму» АҚ, БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ), Global Carbon Council, DEXAlliance және Nuloop Kazakhstan өкілдері қатысады.
  • II панель. «Ерікті көміртегі нарығы: инфрақұрылым, стандарттар және қаржыландыру» (модератор – АХҚО әкімшілігінің өнімдер жөніндегі бас директоры Жанболат Кәкішев). Панельге Verra, FOTON, Қазақстанның Даму Банкі, БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО) және Freedom Holding Corp. өкілдері қатысады.

Сессия қорытындысы бойынша қатысушылар климаттық жобаларды әзірлеу және іске асыру, сондай-ақ қазақстандық жобаларды халықаралық инвесторлар мен көміртегі бірліктерін сатып алушыларға таныстыру бағыттарында мемлекет, бизнес, қаржы институттары мен халықаралық әріптестер арасындағы ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын айқындайды.