Негізгі мазмұнға өту
Баспасөз релизі

Орталық Азия елдері COP31 аясында ең үздік қолжетімді техникалардың бірыңғай цифрлық платформасын іске қосады

Жарияланды:
Бөлісу:

16 қа­ра­шада БҰҰ-ның Кли­мат­тың өз­ге­руі туралы не­гіз­де­ме­лік кон­вен­циясы та­рап­та­ры­ның 31-кон­фе­рен­циясы (COP31) ая­сында Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ұлттық па­виль­о­нында Ор­та­лық Азия­ның ең озық қол­же­тімді тех­ни­ка­лар жө­нін­дегі өңір­лік бю­ро­сы­ның (ОА ЕҚТБ) Циф­рлық плат­фор­масы мен өңір­лік бағ­дар­ла­ма­сы­ның та­ныс­ты­ры­лымы өтеді.

Не­гізгі оқи­ға­лар­дың бірі – Қа­зақ­стан, Өз­бек­стан, Қыр­ғыз­стан және Тә­жік­стан ара­сында ЕҚТ циф­рлық плат­фор­ма­сын дамыту жө­нін­дегі төр­тжақты ын­ты­мақ­тас­тық туралы ме­мо­ран­думға қол қою болады. Құжат өңір­лік әріп­тес­тікті ны­ғай­туға, са­рап­та­ма­лық білім мен тех­но­ло­гия­лық ше­шім­дер ал­ма­суға, сондай-ақ өнер­кә­сіпті эко­ло­гия­лық жаң­ғырту са­ла­сын­дағы бір­лес­кен іс-қи­мылды үй­лес­ті­руге ба­ғыт­тал­ған.

«Ор­та­лық Азия­ның ең үздік қол­же­тімді тех­ни­ка­лар жө­нін­дегі өңір­лік бю­ро­сы­ның циф­рлық плат­фор­масы және өңір­лік бағ­дар­ла­масы» па­нель­дік сес­сиясы ая­сында Ор­та­лық Азия ел­де­рі­нің, ха­лы­қа­ра­лық ұйым­дар­дың өкіл­дері мен са­рап­шы­лар қауым­дас­тығы ең үздік қол­же­тімді тех­ни­ка­ларды енгізу пер­спек­ти­ва­ла­рын, циф­рлық ин­фра­құ­ры­лымды да­мы­туды, са­ла­лық ЕҚТ анық­та­ма­лық­та­рын әзір­леуді және бе­йінді ма­ман­дар­дың бі­лік­ті­лі­гін ар­ттыру мә­се­ле­ле­рін тал­қы­лайды.

2027 жылға ар­нал­ған Ор­та­лық Азия ЕҚТ бю­ро­сы­ның өңір­лік бағ­дар­ла­масы шең­бе­рін­дегі бір­лес­кен іс-қимыл жос­па­рын бе­кі­туге ерекше назар ау­да­ры­лады. Өңір­лік плат­фор­маны дамыту озық тех­но­ло­гия­лық ше­шім­дер­мен ал­ма­суға ар­нал­ған бі­рың­ғай ке­ңіс­тік құруға, қор­ша­ған ортаға ан­тро­по­ген­дік жүк­те­мені азай­туға, өнер­кә­сіп­тің энер­гия тиім­ді­лі­гін ар­тты­руға және Ор­та­лық Азия ел­де­ріне «жасыл» ин­вес­ти­ция­лар тар­туға ықпал етеді.

Іс-ша­ра­ның ұйым­дас­ты­ру­шысы – «Ха­лы­қа­ра­лық жасыл тех­но­ло­гия­лар және ин­вес­ти­ция­лық жо­ба­лар ор­та­лығы» КЕАҚ (IGTIC).

 

Сес­сия­ның не­гізгі спи­кер­лері мен қа­ты­су­шы­лары:

  • Элиф­джан Ка­натлы-Апай­дын (Ms. Elifcan Kanatli-Apaydin) – Түркия Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Қор­ша­ған орта, ур­ба­ни­за­ция және кли­мат­тың өз­ге­руі ми­нис­трлі­гі­нің ор­нықты даму стра­те­гиясы бө­лі­мі­нің бас­шысы (мо­де­ра­тор).
  • Бауыр­жан Әбенов – «Ха­лы­қа­ра­лық жасыл тех­но­ло­гия­лар және ин­вес­ти­ция­лық жо­ба­лар ор­та­лығы» КЕАҚ Бас­қарма тө­ра­ға­сы­ның орын­ба­сары (Қа­зақ­стан).
  • Беррак Эрьяса (Berrak ERYASA) – ЭЫДҰ-ның ең үздік қол­же­тімді тех­но­ло­гия­лар жө­нін­дегі са­рап­шы­лар то­бы­ның үй­лес­ті­ру­шісі (онлайн).
  • Вя­чес­лав Ши-Сянь – Өз­бек­стан Рес­пуб­ли­касы Эко­ло­гия және кли­мат­тың өз­ге­руі жө­нін­дегі ұлттық ко­ми­теті жа­нын­дағы «Мем­ле­кет­тік эко­ло­гия­лық са­рап­тама ор­та­лығы» мем­ле­кет­тік ме­ке­месі Бас ди­рек­то­ры­ның орын­ба­сары.
  • Пол Сти­венс (Paul Stevens) – ЕҚТ са­ла­сын­дағы пер­спек­ти­ва­лық зер­ттеу­лер жө­нін­дегі са­рапшы (Ұлыб­ри­та­ния, онлайн).
  • Д-р Пилгу Канг (Dr. Philgoo Kang) – K-BREF анық­та­ма­лық­та­рын әзір­леу жө­нін­дегі маман, Ұлттық эко­ло­гия­лық зер­ттеу­лер ин­сти­туты (Корея Рес­пуб­ли­касы, онлайн).
  • Қырғыз Рес­пуб­ли­касы мен Тә­жік­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ми­нис­трлік­тері мен ве­дом­ство­ла­ры­ның уә­кі­летті өкіл­дері.