Негізгі мазмұнға өту
Баспасөз релизі

COP31 Президенттің жұбайы Қазақстанның Ұлттық павильонына жоғары баға берді

Жарияланды:
Бөлісу:

БҰҰ-ның Кли­мат­тың өз­ге­руі жө­нін­дегі не­гіз­де­ме­лік кон­вен­циясы та­рап­та­ры­ның 31-кон­фе­рен­циясы (COP31) Пре­зи­ден­ті­нің жұбайы Шен­гюль Курум Ан­талья қа­ла­сын­дағы Қа­зақ­стан­ның Ұлттық па­виль­о­нына жоғары баға беріп, елі­міз­дің эко­ло­гия­лық бас­та­ма­ла­рына, дәс­түрлі қазақ қо­лө­не­ріне және биоа­луан­түр­лі­лікті сақтау жо­ба­ла­рына ерекше қы­зы­ғу­шы­лық та­нытты. Па­виль­онға эк­скур­сияны «Ха­лы­қа­ра­лық жасыл тех­но­ло­гия­лар және ин­вес­ти­ция­лық жо­ба­лар ор­та­лығы» Бас­қарма тө­ра­ғасы Сәкен Қал­қа­ма­нов жүр­гізді. Ол қо­наққа эк­спо­зи­ция­ның не­гізгі ба­ғыт­та­рын та­ныс­ты­рып, Қа­зақ­стан­ның эко­ло­гия­лық және та­би­ғатты қорғау жо­ба­лары туралы ақ­па­рат берді.

Шен­гюль Курум отан­дық ауыл ша­руа­шы­лығы өнім­де­рі­мен, Zero Waste тұ­жы­рым­да­масы ая­сын­дағы бас­та­ма­лар­мен, сондай-ақ тұран жол­ба­ры­сы­ның по­пу­ля­ция­сын қал­пына кел­тіру жо­ба­сы­мен та­нысты. Ор­та­лық­тың Бас­қарма тө­ра­ғасы қо­наққа дәс­түрлі қазақ өнері арқылы ре­сур­старды ұтымды пай­да­лану мен Zero Waste («Қал­дық­сыз өн­ді­ріс») тұ­жы­рым­да­ма­сы­ның за­ма­науи қа­ғи­дат­та­рын бей­не­лей­тін «Құрақ көрпе» арт-ин­стал­ля­циясы туралы әң­гі­ме­леп берді.

Арт-ин­стал­ля­ция COP31 Пре­зи­ден­ті­нің жұбайы Шен­гюль Ку­рум­ның ерекше қы­зы­ғу­шы­лы­ғын ту­дырды. Ол дәс­түрлі қазақ құрақ көр­пе­сі­нің тарихы мен сим­вол­дық мә­ні­мен та­ны­сып қана қоймай, құрақ көрпе жасау бо­йынша ше­бер­лік са­ба­ғына зор ықы­лас­пен қа­ты­сып, осы көне қо­лө­нер түрін өз қо­лы­мен жасап көруге мүм­кін­дік алды. Әрбір мата қиын­ды­сына қай­та­дан жан бі­ті­ре­тін бұл өнер – қазақ хал­қы­ның табиғи ре­сур­старды қа­дір­леп, ұқыпты пай­да­ла­нуын, ысы­рап­шыл­дыққа жол бермей, тұтыну мә­де­ние­тін сақ­та­ға­нын ға­сыр­лар бойы ай­ғақ­тап келе жатқан дәстүр.

Эк­спо­зи­ция­мен танысу ба­ры­сында қонақ Қа­зақ­стан­ның қалдық кө­ле­мін азайту, оларды қайта пай­да­лану және ре­сур­старды ұтымды бас­қару ба­ғы­тын­дағы прак­ти­ка­лық нә­ти­же­лері мен тә­сіл­дері туралы егжей-тег­жейлі сұ­рас­тырды. Со­ны­мен қатар, Шен­гюль Курум па­виль­онда ұсы­ныл­ған отан­дық ауыл ша­руа­шы­лығы өнім­де­рі­нен дәм татты.

Тұран жол­ба­ры­сын табиғи ор­та­сына қайта жер­сін­ді­руге ар­нал­ған ин­те­рак­тивті эк­спо­зи­ция да ерекше қы­зы­ғу­шы­лық ту­дырды. Оның жа­санды ин­тел­лект не­гі­зінде әзір­лен­ген циф­рлық гид­тері – Амур мен Үміт атты екі жол­ба­рыс. Олар ха­лы­қа­ра­лық қо­нақ­тарға Қа­зақ­стан­ның эко­ло­гия­лық бас­та­ма­лары, та­би­ғатты қорғау бағ­дар­ла­ма­лары мен тех­но­ло­гия­лық жо­ба­лары туралы бір­неше тілде ақ­па­рат береді.

Сәкен Қал­қа­ма­нов қо­наққа Іле-Балқаш өңі­рінде тұран жол­ба­ры­сы­ның по­пу­ля­ция­сын қал­пына кел­тіру жұ­мыс­тары туралы да баян­дап, жо­ба­ның табиғи эко­жү­йе­лерді қал­пына кел­тіру және Ор­та­лық Азия­ның биоа­луан­түр­лі­лі­гін сақтау үшін ма­ңы­зын атап өтті. Әңгіме ба­ры­сында Шен­гюль Курум та­ныс­ты­рыл­ған бас­та­ма­ларға жан-жақты қы­зы­ғу­шы­лық та­ны­тып, жаңа тә­сіл­дер­мен та­ны­суға, озық тә­жі­ри­бе­лерді зер­де­леуге және та­би­ғатты қор­ғау­дың тиімді ше­шім­де­рін ен­гі­зуге мүм­кін­дік бе­ре­тін ха­лы­қа­ра­лық тә­жі­рибе ал­ма­су­дың ма­ңыз­ды­лы­ғын атап өтті.

COP31 ая­сында ашыл­ған Қа­зақ­стан­ның Ұлттық па­виль­оны елі­міз­дің эко­ло­гия­лық же­тіс­тік­те­рін, за­ма­науи жасыл тех­но­ло­гия­ла­рын және ин­вес­ти­ция­лық жо­ба­ла­рын та­ныс­ты­руға ар­нал­ған ха­лы­қа­ра­лық алаңға ай­налды. Қа­зақ­стан­ның кон­фе­рен­цияға қа­ты­суы ая­сында ин­вес­ти­ция­лық си­пат­тағы 34 құ­жатқа қол қо­йылды. Со­ны­мен қатар па­вильон ала­ңында 38 та­қы­рып­тық іс-шара өткізу жос­пар­лан­ған.

COP31 Пре­зи­ден­ті­нің жұ­ба­йы­ның Қа­зақ­стан­ның Ұлттық па­виль­о­нына келуі елі­міз­дің эко­ло­гия­лық же­тіс­тік­те­рін ха­лы­қа­ра­лық қауым­дас­тыққа та­ныс­ты­руға, ұлттық мәдени мұ­ра­мызды ке­ңі­нен дә­ріп­теуге және ор­нықты даму са­ла­сын­дағы ын­ты­мақ­тас­тықты ны­ғай­туға тағы бір мүм­кін­дік берді.