Негізгі мазмұнға өту
Баспасөз релизі

Түркияның вице-президенті COP31 аясындағы Қазақстанның Ұлттық павильонына жоғары баға берді

Жарияланды:
Бөлісу:

Түркия Вице-пре­зи­денті Джев­дет Йылмаз Ан­талья қа­ла­сында өтіп жатқан БҰҰ-ның Кли­мат­тың өз­ге­руі жө­нін­дегі не­гіз­де­ме­лік кон­вен­циясы та­рап­та­ры­ның 31-кон­фе­рен­циясы (COP31) ая­сында Қа­зақ­стан­ның Ұлттық па­виль­о­нына барды. Ол елдің эко­ло­гия­лық бас­та­ма­ла­рына, жасыл тех­но­ло­гия­ла­рына және та­би­ғатты қорғау жо­ба­ла­рына ар­нал­ған эк­спо­зи­ция­мен та­ны­сып, жоғары ба­ға­сын берді. Па­виль­онға эк­скур­сияны «Ха­лы­қа­ра­лық жасыл тех­но­ло­гия­лар және ин­вес­ти­ция­лық жо­ба­лар ор­та­лығы» бас­қарма тө­ра­ғасы Сәкен Қал­қа­ма­нов жүр­гізді. Ол Қа­зақ­стан­ның ор­нықты даму са­ла­сын­дағы не­гізгі жұмыс ба­ғыт­та­рын та­ныс­ты­рып, елі­міз­дегі ма­ңызды та­би­ғат қорғау жо­ба­ла­ры­ның бірі туралы баян­дап берді.

Бұған дейін Қа­зақ­стан­ның Ұлттық па­виль­о­нына COP31 Пре­зи­ден­ті­нің жұбайы Шен­гюль Курум да келіп, қазақ хал­қы­ның дәс­түр­ле­ріне, Zero Waste тұ­жы­рым­да­ма­сына және биоа­луан­түр­лі­лікті сақтау жө­нін­дегі бас­та­ма­ларға ерекше қы­зы­ғу­шы­лық та­нытты.

Сәкен Қал­қа­ма­нов Түркия Вице-пре­зи­ден­тін Қа­зақ­стан­ның ор­нықты даму, табиғи ре­сур­старды ұтымды пай­да­лану және за­ма­науи эко­ло­гия­лық ше­шім­дерді енгізу са­ла­сын­дағы же­тіс­тік­те­рін көр­се­те­тін эк­спо­зи­ция­ның не­гізгі ба­ғыт­та­ры­мен та­ныс­тырды. Елдің жасыл эко­но­ми­каны да­мы­туға және табиғи мұраны сақ­тауға ба­ғыт­тал­ған прак­ти­ка­лық бас­та­ма­ла­рына баса назар ау­да­рылды.

Та­ныс­ты­рыл­ған жо­ба­лар­дың бірі – Іле-Балқаш өңі­рінде тұран жол­ба­ры­сы­ның по­пу­ля­ция­сын қал­пына кел­тіру бағ­дар­ла­масы. Жоба туралы баян­дау ба­ры­сында «Ха­лы­қа­ра­лық жасыл тех­но­ло­гия­лар және ин­вес­ти­ция­лық жо­ба­лар ор­та­лы­ғы­ның» Бас­қарма тө­ра­ғасы па­виль­он­ның циф­рлық гид­тері – тұран жол­ба­рыс­та­ры­ның бей­не­сінде бе­ріл­ген Амур мен Үмітті та­ныс­тырды. Жа­санды ин­тел­лект тех­но­ло­гия­ла­ры­ның кө­ме­гі­мен олар ха­лы­қа­ра­лық ке­лу­ші­лерге Қа­зақ­стан­ның та­би­ғатты қорғау бағ­дар­ла­ма­лары, эко­ло­гия­лық бас­та­ма­лары мен тех­но­ло­гия­лық ше­шім­дері туралы бір­неше тілде ақ­па­рат береді.

Қо­нақ­тарға тұран жол­ба­ры­сын табиғи ортаға қайта жер­сін­ді­ру­дің стра­те­гия­лық маңызы, табиғи эко­жү­йе­лерді қал­пына кел­тіру және Ор­та­лық Азия­ның биоа­луан­түр­лі­лі­гін сақ­тауға қа­жетті жағ­дай­лар жасау жө­нінде ақ­па­рат бе­рілді. Іле-Балқаш өңі­рін­дегі бұл жоба Қа­зақ­стан­ның та­би­ғатты қорғау сая­са­ты­ның ма­ңызды ба­ғыт­та­ры­ның бірі болып та­бы­лады.

COP31 ая­сында ашыл­ған Қа­зақ­стан­ның Ұлттық па­виль­оны елі­міз­дің эко­ло­гия­лық же­тіс­тік­те­рін, за­ма­науи жасыл тех­но­ло­гия­лары мен ин­вес­ти­ция­лық жо­ба­ла­рын та­ныс­ты­руға ар­нал­ған ха­лы­қа­ра­лық алаңға ай­налды. Қа­зақ­стан­ның кон­фе­рен­цияға қа­ты­суы ая­сында ин­вес­ти­ция­лық си­пат­тағы 34 құ­жатқа қол қо­йылды. Со­ны­мен қатар па­вильон ала­ңында 38 та­қы­рып­тық іс-шара өткізу жос­пар­лан­ған.

Ха­лы­қа­ра­лық қо­нақ­тар­дың ерекше қы­зы­ғу­шы­лы­ғын ту­дыр­ған ны­сан­дар­дың бірі – дәс­түрлі қазақ қо­лө­нері мен тұ­ты­ну­дың ор­нықты қа­ғи­дат­та­рын және Zero Waste – «Қал­дық­сыз өмір» тұ­жы­рым­да­ма­сын өзара са­бақ­тас­ты­ра­тын «Құрақ көрпе» арт-ин­стал­ля­циясы. Дәс­түрлі құрақ құрау өнері арқылы әрбір мата қиын­ды­сына екінші өмір сыйлап, ре­сур­старды ұқыпты пай­да­лану фи­ло­со­фиясы бей­не­ле­неді.

COP31 Пре­зи­ден­ті­нің жұбайы Шен­гюль Курум эк­спо­зи­цияға жоғары баға беріп қана қоймай, «Құрақ көрпе» бұ­йы­мын жасау бо­йынша ше­бер­лік са­ба­ғына да қы­зы­ғу­шы­лық­пен қа­тысты. Сондай-ақ па­виль­онда ұсы­ныл­ған отан­дық ауыл ша­руа­шы­лығы өнім­де­рі­мен та­ны­сып, Қа­зақ­стан­ның қал­дық­тарды азайту, оларды қайта пай­да­лану және ре­сур­старды ұтымды пай­да­лану жө­нін­дегі тә­сіл­дері туралы жан-жақты мә­лі­мет алды.

Түркия бас­шы­лығы өкіл­дері мен COP31 Пре­зи­денті жұ­ба­йы­ның Қа­зақ­стан­ның Ұлттық па­виль­о­нына келуі ха­лы­қа­ра­лық қо­ғам­дас­тық­тың елі­міз­дің эко­ло­гия­лық күн тәр­ті­біне деген жоғары қы­зы­ғу­шы­лы­ғын көр­се­теді. Ұлттық па­вильон елі­міз­дің же­тіс­тік­те­рін та­ныс­тыру алаңы ғана емес, со­ны­мен қатар мәдени және кәсіби диалог ор­на­туға, тә­жі­рибе ал­ма­суға және ор­нықты даму са­ла­сын­дағы ха­лы­қа­ра­лық ын­ты­мақ­тас­тықты іл­ге­рі­ле­туге мүм­кін­дік бе­ре­тін ке­ңіс­тікке ай­налды.