Негізгі мазмұнға өту
Баспасөз релизі

«Ғаламат ғасыр» телехикаясының жұлдызы Халит Эргенч COP31 аясындағы Қазақстанның Ұлттық павильонына жоғары баға берді

Жарияланды:
Бөлісу:

«Ға­ла­мат ғасыр» атты тарихи те­ле­хи­каяда Сү­лей­мен Сұл­тан­ның рөлін сом­да­ған та­ны­мал түрік актері Халит Эргенч Ан­таль­яда өтіп жатқан БҰҰ-ның Кли­мат­тың өз­ге­руі туралы не­гіз­де­ме­лік кон­вен­циясы та­рап­та­ры­ның 31-кон­фе­рен­циясы (COP31) ая­сында Қа­зақ­стан­ның Ұлттық па­виль­о­нына барды. Па­вильон эк­спо­зи­ция­сын «Ха­лы­қа­ра­лық жасыл тех­но­ло­гия­лар және ин­вес­ти­ция­лық жо­ба­лар ор­та­лығы» КЕАҚ Бас­қарма тө­ра­ғасы Сәкен Қал­қа­ма­нов та­ныс­тырды. Ол қо­наққа Қа­зақ­стан­ның эко­ло­гия­лық сая­са­ты­ның не­гізгі ба­ғыт­тары, өн­ді­ріс­тік ны­сан­дар, жасыл тех­но­ло­гия­ларды да­мы­туға, табиғи ре­сур­старды ұтымды пай­да­ла­нуға және эко­ло­гия­лық проб­ле­ма­ларды шешуге ба­ғыт­тал­ған жо­ба­лар туралы жан-жақты баян­дады. Актер елі­міз­дің эко­ло­гия­лық бас­та­ма­ла­рына, ұсы­ныл­ған жо­ба­лар мен тех­но­ло­гия­лық ше­шім­дерге үлкен қы­зы­ғу­шы­лық та­ны­тып, әсі­ресе Арал те­ңі­зіне қа­тысты мә­се­ле­лер­дің өзек­ті­лі­гіне ерекше назар ау­дарды.

Па­виль­онды аралау ке­зінде актер ұсы­ныл­ған өн­ді­ріс­тік ны­сан­дар­дың әр­қай­сы­сына тоқ­та­лып, олар­дың жұ­мы­сы­мен, қол­да­ны­ла­тын тех­но­ло­гия­лар­мен және жүзеге асы­ры­лып жатқан жо­ба­лар­дың нақты нә­ти­же­ле­рі­мен та­нысты. Әсі­ресе Арал өңі­рін­дегі эко­ло­гия­лық ахуал Халит Эр­ген­чтің на­за­рын ау­дарды. Ол Арал те­ңі­зі­нің тар­ты­луына бай­ла­нысты туын­да­ған мә­се­ле­лер, оның қор­ша­ған ортаға ти­гіз­ген зар­дап­тары және өңір­дің табиғи эко­жү­йе­сін қал­пына кел­тіру бо­йынша ат­қа­ры­лып жатқан жұ­мыс­тар туралы толық мә­лі­мет алды.

Сәкен Қал­қа­ма­нов сондай-ақ Қа­зақ­стан­ның эко­ло­гия­лық сын-қа­тер­лерді шешуге ба­ғыт­тал­ған ке­шенді тәсілі, за­ма­науи тех­но­ло­гия­ларды енгізу және тұ­рақты дамуды қам­та­ма­сыз етуге ар­нал­ған бас­та­ма­ларды іске асыру жө­нін­дегі жұ­мыс­тары туралы баян­дады. Ұлттық па­виль­онда та­ны­мал актер Қа­зақ­стан­ның эко­ло­гия­лық күн тәр­ті­бі­мен, та­би­ғатты қорғау ба­ғы­тын­дағы жо­ба­ла­ры­мен және тех­но­ло­гия­лық же­тіс­тік­те­рі­мен жа­қы­ны­рақ таныса алды.

Сапар ба­ры­сында Халит Эргенч Амур мен Үміт есімді циф­рлық гид­тер­мен де та­нысты. Жа­санды ин­тел­лект тех­но­ло­гиясы не­гі­зінде жұмыс іс­тей­тін ин­те­рак­тивті кө­мек­ші­лер Қа­зақ­стан­ның та­би­ғатты қорғау са­ла­сын­дағы бас­та­ма­лары, сондай-ақ тұран жол­ба­ры­сы­ның по­пу­ля­ция­сын қал­пына кел­тіру жобасы туралы ақ­па­рат ұсы­нады. Түр­кия­лық ак­терге па­вильон эк­спо­зи­ция­сын та­ныс­тыру мақ­са­тында циф­рлық гидтер түрік ті­лінде тіл қатты. Бұл за­ма­науи тех­но­ло­гия­лар­дың эко­ло­гия­лық бас­та­ма­ларды ке­ңі­нен та­ны­туға және мә­де­ние­та­ра­лық бай­ла­нысты ны­ғай­туға мүм­кін­дік бе­ре­ті­нін көр­сетті.

IGTIC Бас­қарма тө­ра­ғасы ак­терге жа­санды ин­тел­лект пен циф­рлық ше­шім­дер­дің кө­ме­гі­мен Қа­зақ­стан­ның эко­ло­гия­лық жо­ба­лары ха­лы­қа­ра­лық ау­ди­то­рияға қалай та­ныс­ты­ры­лып жат­қа­нын көр­сетті. Халит Эргенч па­вильон эк­спо­зи­ция­сы­мен жан-жақты та­ны­сып, ұсы­ныл­ған бас­та­ма­ларға жоғары баға берді.

Со­ны­мен қатар, COP31 ая­сын­дағы Қа­зақ­стан­ның Ұлттық па­виль­оны елі­міз­дің эко­ло­гия­лық, тех­но­ло­гия­лық, мәдени және ин­вес­ти­ция­лық ба­ғыт­та­рын бір арнаға то­ғыс­ты­рады. Па­вильон бағ­дар­ла­масы 38 та­қы­рып­тық іс-шараны қам­тиды. Со­ны­мен қатар кон­фе­рен­ция ая­сында ин­вес­ти­ция­лық си­пат­тағы 34 құ­жатқа қол қо­йылды.