Green Tech Hub стратегиялық жоспарлауды әзірлеу жөніндегі кеңесші

“Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы” КЕАҚ “Қазақстандағы таза технологиялар саласындағы инновациялардың жаһандық бағдарламасы: Қазақстанда жасыл жұмыс орындарын ашу үшін ШОБ таза технологиялар мен кәсіпкерлік саласындағы инновацияларды ілгерілету” жобасы бойынша жобалық іс-шараларды орындау және іске асыру үшін мынадай мамандарды жұмысқа шақыратыны туралы хабарлайды:

1) Green Tech Hub стратегиялық жоспарлауды әзірлеу жөніндегі кеңесші

Біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, өтінімдер 5 (бес) жұмыс күні ішінде қабылданады.

Өтінімдерді қабылдау күні: 2024 жылғы 29 тамыздан 5 қыркүйекке дейін (қоса алғанда)

Қойылатын біліктілік талаптарымен және Техникалық тапсырмамен танысу үшін сілтемелерге кіру қажет.

Қызметтер көрсету үшін бөлінген сома салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді ескере отырып, 4 670 000 (төрт миллион алты жүз жетпіс мың) теңге.

Лауазымға мүдделілік танытқан жағдайда конкурсқа қатысуға өтінім мен қоса берілген нысан бойынша баға ұсынысын, жеке куәлікті, түйіндемені және біліктілікті растайтын құжаттарды (түйіндеме, жеке куәлік, жоғары білім туралы құжат, сертификаттар (бар болса), қосымша мәліметтер) мына электрондық мекенжайларға ұсынуыңызды сұраймыз: hr@igtipc.org, d.suleimenov@igtipc.org

Техникалық тапсырма

Біліктілік талаптар

Келісім шарт жобасы

Өтінім және баға ұсынысы нысаны