«Уран кендерін өндіру және байыту» ең үздік қолжетімді техникалар бойынша нұсқаулықты әзірлеу бойынша Техникалық жұмыс тобының мүшелерін іріктеуге қатысуға өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру.

«Ең үздік қолжетімді әдістемелер бойынша анықтамалық әдебиеттерді әзірлеу, қолдану, мониторингтеу және қайта қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы қаулысының 20-тармағына сәйкес «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ «Уран кендерін өндіру және байыту» (бұдан әрі – ЕҚТ) ең үздік қолжетімді техникалар бойынша нұсқаулықты әзірлеу жөніндегі Техникалық жұмыс тобына (бұдан әрі – ТЖТ) қатысушыларды іріктеудің басталғаны туралы хабарлайды.

ТЖТ құрамына өнеркәсіп субъектілерінің, ЕҚТ қолданылатын тиісті салалардағы ғылыми ұйымдардың, экологиялық қауымдастықтардың, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органдардың, жұртшылықтың, ЕҚТ қолданылатын тиісті салалар бойынша қажетті білімі мен тәжірибесі бар тәуелсіз отандық және шетелдік сарапшылардың өкілдері кіреді.

Құрамға іріктеу кандидаттардың техникалық, экономикалық, экологиялық немесе заңнамалық сараптамалық білімдері, сондай-ақ олардың біліктілік талаптарына (технолог, эколог, жылу энергетигі, су ресурстары жөніндегі маман, энергия тиімділігі жөніндегі маман, өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі маман, санитариялық-гигиеналық нормативтер жөніндегі маман, экологиялық менеджмент саласындағы маман) сәйкестігі негізінде, сондай-ақ төмендегілер негізінде жүргізіледі:

– жоғары білімінің болуы;

– саладағы жұмыс тәжірибесі – кемінде 5 жыл;

– саланың технологиялық процестерін, стандарттарын және экологиялық аспектілерін білу;

– ғылым докторы ғылыми дәрежесінің немесе ғылыми дәрежесінің, ғылыми атағының болуы (жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері үшін);

– экологиялық жобалау және реттеу жобаларына қатысуы (жобалау ұйымдарының өкілдері үшін).

Ресми өтінім беру үшін сілтемедегі форманы толтыру қажет:

http://ndt.igtipc.org/Account/Registred

Өтінімдер хабарландыру орналастырылған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде қабылданады.

Анықтамалық ақпарат алуға арналған байланыстар:

Амангалиев Али, ЕҚТ бюросының сараптамалық бағалау бөлімі

Байланыс телефондары: +7 701 034 4404, +7(7172)793233

e-mail: a.amangaliyev@igtipc.org

Квалификационные требования

Заявка на ТРГ

Форма заявки