• Басты бет
  • Хабарландырулар
  • «Қалдықтарды термиялық тәсілмен жою және кәдеге жарату», «Қалдықтарды залалсыздандыру», «Қалықтарды көму» ең үздік қолжетімді техникалар бойынша нұсқаулықты әзірлеу бойынша Техникалық жұмыс тобының мүшелерін іріктеуге қатысуға өтінімдерді қабылдаудың баст

«Қалдықтарды термиялық тәсілмен жою және кәдеге жарату», «Қалдықтарды залалсыздандыру», «Қалықтарды көму» ең үздік қолжетімді техникалар бойынша нұсқаулықты әзірлеу бойынша Техникалық жұмыс тобының мүшелерін іріктеуге қатысуға өтінімдерді қабылдаудың баст

«Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ «Ең үздік қолжетімді әдістемелер бойынша анықтамалық әдебиеттерді әзірлеу, қолдану, мониторингтеу және қайта қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы қаулысының 20-тармағына сәйкес «Қалдықтарды термиялық тәсілмен жою және кәдеге жарату», «Қалдықтарды залалсыздандыру», «Қалықтарды көму» (бұдан әрі – ЕҚТ) ең үздік қолжетімді техникалар бойынша нұсқаулықты әзірлеу жөніндегі Техникалық жұмыс тобына (бұдан әрі – ТЖТ) қатысушыларды іріктеудің басталғаны туралы хабарлайды.

ТЖТ құрамына өнеркәсіп субъектілерінің, ЕҚТ қолданылатын тиісті салалардағы ғылыми ұйымдардың, экологиялық қауымдастықтардың, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органдардың, жұртшылықтың, ЕҚТ қолданылатын тиісті салалар бойынша қажетті білімі мен тәжірибесі бар тәуелсіз отандық және шетелдік сарапшылардың өкілдері кіреді.

Құрамға іріктеу кандидаттардың техникалық, экономикалық, экологиялық немесе заңнамалық сараптамалық білімдері, сондай-ақ олардың біліктілік талаптарына (технолог, эколог, су ресурстары жөніндегі маман, энергия тиімділігі жөніндегі маман, өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі маман, санитариялық-гигиеналық нормативтер жөніндегі маман, экологиялық менеджмент саласындағы маман) сәйкестігі негізінде, сондай-ақ төмендегілер негізінде жүргізіледі:

- жоғары білімінің болуы;

- саладағы жұмыс тәжірибесі – кемінде 5 жыл;

- саланың технологиялық процестерін, стандарттарын және экологиялық аспектілерін білу;

- ғылым докторы ғылыми дәрежесінің немесе ғылыми дәрежесінің, ғылыми атағының болуы (жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері үшін);

- экологиялық жобалау және реттеу жобаларына қатысуы (жобалау ұйымдарының өкілдері үшін).

Ресми өтінім беру үшін сілтемедегі форманы толтыру қажет:

http://ndt.igtipc.org/Account/Registred

Өтінімдер хабарландыру орналастырылған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде қабылданады.

Анықтамалық ақпарат алуға арналған байланыстар:

Джумашева Ару, ЕҚТ бюросының сараптамалық бағалау бөлімі

8 705 630 2430, 8 7172 739 234, e-mail: a.jumasheva@igtipc.org

Жаменкенов Нурсултан, ЕҚТ бюросының сараптамалық бағалау бөлімі

8 7172 793 236, e-mail: n.zhamenkenov@igtipc.org

«Қалдықтарды термиялық тәсілмен жою және кәдеге жарату», «Қалдықтарды залалсыздандыру», «Қалықтарды көму» ең үздік қолжетімді техникалар бойынша нұсқаулықты әзірлеу бойынша Техникалық жұмыс тобының мүшелерін іріктеуге қатысуға өтінімдерді қабылдаудың баст «Қалдықтарды термиялық тәсілмен жою және кәдеге жарату», «Қалдықтарды залалсыздандыру», «Қалықтарды көму» ең үздік қолжетімді техникалар бойынша нұсқаулықты әзірлеу бойынша Техникалық жұмыс тобының мүшелерін іріктеуге қатысуға өтінімдерді қабылдаудың баст
Мәңгілік Ел даңғылы, С1.4 Z00Y4T8 Нұр-Сұлтан Ақмола облысы Қазақстан