• Басты бет
  • Хабарландырулар
  • Мамандандырылған менторларды іріктеу кандидаттардың сараптамалық білімі мен тәжірибесі және олардың біліктілік талаптарына сәйкестігі негізінде жүргізіледі

Мамандандырылған менторларды іріктеу кандидаттардың сараптамалық білімі мен тәжірибесі және олардың біліктілік талаптарына сәйкестігі негізінде жүргізіледі

"Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" КЕАҚ қалдықтарды басқару жөніндегі мамандандырылған менторды "Қазақстандағы таза технологиялар саласындағы инновациялардың жаһандық бағдарламасы - Қазақстанда жасыл жұмыс орындарын ашу үшін ШОБ-да таза технологиялар мен кәсіпкерлік саласындағы инновацияларды ілгерілету" (далее – GCIP-Kazakhstan) жобасына қатысуға шақырады.

Мамандандырылған менторларды іріктеу кандидаттардың сараптамалық білімі мен тәжірибесі және олардың біліктілік талаптарына сәйкестігі негізінде жүргізіледі.

Қызметтер көрсету үшін бөлінген сома салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді ескере отырып, 3 000 000 теңге.

Таңдап алынған мамандандырылған менторлар америкалық NGIN (Network for Global Innovation) компаниясының тренингтерін оқып, сертификат алады.

Өтінімдер біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде қабылданады. Өтінімдерді қабылдау 29 қарашада басталады.

Қойылатын біліктілік талаптарымен және техникалық тапсырмамен танысу үшін сілтемелерге кіру қажет.

Лауазымға мүдделілік танытқан жағдайда конкурсқа қатысуға өтінім мен қоса берілген нысан бойынша баға ұсынысын, жеке куәлікті, түйіндемені және біліктілікті растайтын құжаттарды (түйіндеме, жоғары білім туралы құжат, сертификаттар (бар болса), қосымша мәліметтер) мына электрондық мекенжайға ұсынуыңызды сұраймыз: hr@igtipc.org.

форма_заявки_и_ценового_предложения_каз.docx

тз_специализированный-ментор_отходы_от_20.11.2023.docx

расчет_стоимости_услуг_приложение_3_еtrainer.docx

проект_договора_спец_ментор_управление_отходами.docx

квал.требованияупправление_отходами.docx

Мамандандырылған менторларды іріктеу кандидаттардың сараптамалық білімі мен тәжірибесі және олардың біліктілік талаптарына сәйкестігі негізінде жүргізіледі Мамандандырылған менторларды іріктеу кандидаттардың сараптамалық білімі мен тәжірибесі және олардың біліктілік талаптарына сәйкестігі негізінде жүргізіледі
Мәңгілік Ел даңғылы, С1.4 Z00Y4T8 Нұр-Сұлтан Ақмола облысы Қазақстан