Энергия тиімділігі жөніндегі мамандандырылған менторды

"Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" КЕАҚ энергия тиімділігі жөніндегі мамандандырылған менторды "Қазақстандағы таза технологиялар саласындағы инновациялардың жаһандық бағдарламасы - Қазақстанда жасыл жұмыс орындарын ашу үшін ШОБ-да таза технологиялар мен кәсіпкерлік саласындағы инновацияларды ілгерілету" (далее – GCIP-Kazakhstan) жобасына қатысуға шақырады.

Қызмет көрсетуге бөлінген сома салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді есепке алғанда 3 000 000 (үш миллион) теңге құрайды.

Мамандандырылған менторларды іріктеу кандидаттардың сараптамалық білімі мен тәжірибесі және олардың біліктілік талаптарына сәйкестігі негізінде жүргізіледі.

Таңдап алынған мамандандырылған менторлар америкалық NGIN (Network for Global Innovation) компаниясының тренингтерін оқып, сертификат алады.

Біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, өтінімдер 2023 жылғы 26 желтоқсаннан 2024 жылғы 8 қаңтарға дейін қабылданады.

Қойылатын біліктілік талаптарымен және техникалық тапсырмамен танысу үшін сілтемелерге кіру қажет.

Лауазымға мүдделілік танытқан жағдайда конкурсқа қатысуға өтінім мен қоса берілген нысан бойынша баға ұсынысын, жеке куәлікті, түйіндемені және біліктілікті растайтын құжаттарды (түйіндеме, жоғары білім туралы құжат, сертификаттар (бар болса), қосымша мәліметтер) мына электрондық мекенжайға ұсынуыңызды сұраймыз: hr@igtipc.org.

форма_заявки_и_ценового_предложения_каз.docx

проект_договораспец_ментор_по_ээ.docx

квал.требования_энерггоэффективности.docx

тз_специализированный-ментор_ээ_от_20.11.2023.docx

Энергия тиімділігі жөніндегі мамандандырылған менторды Энергия тиімділігі жөніндегі мамандандырылған менторды
Мәңгілік Ел даңғылы, С1.4 Z00Y4T8 Нұр-Сұлтан Ақмола облысы Қазақстан