• Басты бет
  • Хабарландырулар
  • Климаттық қаржыландыруды тиімді пайдалану бойынша жобаға дейінгі талдауды дайындау жөніндегі ұлттық консультант

Климаттық қаржыландыруды тиімді пайдалану бойынша жобаға дейінгі талдауды дайындау жөніндегі ұлттық консультант

"Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" КЕАҚ "Қазақстанның бағдарламалау саласындағы әлеуетін одан әрі нығайту, Жасыл Климат Қорына тікелей қолжетімділікті кеңейтуді институционалдық қолдау және Қазақстанда "жасыл" қаржыны" дамыту» Readiness жобасы бойынша жобалық іс-шараларды орындау және іске асыру үшін келесі маманды тартатыны туралы хабарлайды:

1. Климаттық қаржыландыруды тиімді пайдалану бойынша жобаға дейінгі талдауды дайындау жөніндегі ұлттық консультант.

Мамандарды іріктеу кандидаттардың экономикалық, экологиялық немесе заңнамалық сараптамалық білімдері, олардың біліктілік талаптарына сәйкестігі және ең төмен баға ұсынысы негізінде жүргізіледі.

Біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар қоса берілген өтінімдер 2023 жылғы 26 желтоқсан мен 2024 жылғы 08 қаңтар аралығында қабылданады.

Қойылатын біліктілік талаптарымен және техникалық тапсырмамен танысу үшін төменгі сілтемелерге кіру қажет.

Қызметтер көрсету үшін бөлінген сома салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді ескере отырып, 1 780 680 (бір миллион жеті жүз сексен мын алты жүз сексен) теңге.

Лауазымға мүдделі болған жағдайда конкурсқа қатысуға өтінім мен қоса берілген нысан бойынша баға ұсынысын, жеке куәлікті, түйіндемені және біліктілікті растайтын құжаттарды (түйіндеме, жоғары білім туралы құжат, сертификаттар (бар болса), қосымша мәліметтер) мына электрондық мекенжайға жіберуіңізді сұраймыз: hr@igtipc.org.

форма_заявки_и_ценового_предложения_каз_1.docx

проект_договора.docx

квалификационные_требования_проект_предложения.docx

тз_дву_местный_консультант__проектное_предложение.doc

Климаттық қаржыландыруды тиімді пайдалану бойынша жобаға дейінгі талдауды дайындау жөніндегі ұлттық консультант Климаттық қаржыландыруды тиімді пайдалану бойынша жобаға дейінгі талдауды дайындау жөніндегі ұлттық консультант
Мәңгілік Ел даңғылы, С1.4 Z00Y4T8 Нұр-Сұлтан Ақмола облысы Қазақстан