"Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" КЕАҚ жобаға қатысуға шақырады

"Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" КЕАҚ қалдықтарды басқару жөніндегі мамандандырылған менторды "Қазақстандағы таза технологиялар саласындағы инновациялардың жаһандық бағдарламасы - Қазақстанда жасыл жұмыс орындарын ашу үшін ШОБ-да таза технологиялар мен кәсіпкерлік саласындағы инновацияларды ілгерілету" (далее – GCIP-Kazakhstan) жобасына қатысуға  шақырады.

Мамандандырылған менторларды іріктеу кандидаттардың сараптамалық білімі мен тәжірибесі және олардың біліктілік талаптарына сәйкестігі негізінде жүргізіледі.

Таңдап алынған мамандандырылған менторлар америкалық NGIN (Network for Global Innovation) компаниясының тренингтерін оқып, сертификат алады.

Өтінімдер біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде қабылданады. Өтінімдерді қабылдау  2024 жылдың 26 ақпанында басталады.

Қызмет көрсетуге бөлінген сома салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді қосқанда 2 250 000 теңгені құрайды.

Қойылатын біліктілік талаптарымен және техникалық тапсырмамен танысу үшін сілтемелерге кіру қажет.

Лауазымға мүдделілік танытқан жағдайда конкурсқа қатысуға өтінім мен қоса берілген нысан бойынша баға ұсынысын, жеке куәлікті, түйіндемені және біліктілікті растайтын құжаттарды (түйіндеме, жоғары білім туралы құжат, сертификаттар (бар болса), қосымша мәліметтер) мына электрондық мекенжайға ұсынуыңызды сұраймыз: hr@igtipc.org.

Келісім шарт жобасы

Техникалық тапсырма

Біліктілік талаптары

Өтінім және баға ұсынысы формасы

"Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" КЕАҚ жобаға қатысуға шақырады "Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" КЕАҚ жобаға қатысуға шақырады
Мәңгілік Ел даңғылы, С1.4 Z00Y4T8 Нұр-Сұлтан Ақмола облысы Қазақстан