«ХЖТИЖО» КЕАҚ басшысы болып Олжас Ағабеков тағайындалды

photo 2022 09 19 12 45 54

Директорлар кеңесінің шешімімен Олжас Ағабеков «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ Басқарма Төрағасы лауазымына тағайындалды.

Олжас Ағабеков 1984 жылы 30 шілде күні Қарағанды облысы, Балқаш қаласында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2007 жылы «Мұнай сақтандыру компаниясы» АҚ-да менеджер лауазымынан бастаған.

Сондай-ақ, «Алматы электр станциялары» АҚ, «KEGOC» АҚ, Жамбыл облысы әкімінің аппаратында, Жамбыл облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасында жұмыс істеді.

2016 жылдан бастап 2022 жылдың қыркүйегіне дейін – ҚР Энергетика министрлігінің Климаттың өзгеруі департаменті директорының орынбасары, ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Климаттық саясат және жасыл технологиялар департаментінің директоры болып қызмет атқарған.

Президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшесі.

photo 2022 09 19 12 43 34

«ХЖТИЖО» КЕАҚ басшысы болып Олжас Ағабеков тағайындалды «ХЖТИЖО» КЕАҚ басшысы болып Олжас Ағабеков тағайындалды
Мәңгілік Ел даңғылы, С1.4 Z00Y4T8 Нұр-Сұлтан Ақмола облысы Қазақстан