Жасыл технологияларды қолдану және енгізу мәселесі бойынша

2019 жылғы 11 қазанда Алматы облысы әкімдігінің Алматы қаласындағы өкілдігінде, Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы - Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасымен бірлесе отырып, сауалнама жүргізу, жасыл технологиялардың "тізілімін" әзірлеу және Қазақстанның ең озық қолжетімді технологиялар принциптеріне көшуі бойынша кәсіпорындар/эмитенттердің өкілдерімен кездесу өткізді.

Осы кездесүде спикерлер 044 мемлекеттік бағдарламасының маңыздылығын түсіндірді, сондай-ақ сауалнама жүргізу және оны толтыру ҚР-ның "жасыл" экономикаға көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру бөлігінде өте маңызды екенін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша кәсіпорын басшылары мен өнеркәсіп өкілдерінен бірқатар сұрақтар қойылып, кездесуге қатысушылар облыстың басқа кәсіпорындарынан әріптестеріне тиісті ақпарат беретіні туралы келісімге қол жеткізілді.

almaty akimat

Жасыл технологияларды қолдану және енгізу мәселесі бойынша Жасыл технологияларды қолдану және енгізу мәселесі бойынша
Мәңгілік Ел даңғылы, С1.4 Z00Y4T8 Нұр-Сұлтан Ақмола облысы Қазақстан