Сараптамалық бағалау басқармасының жетекші менеджері

  • Орын туралы ақпарат

1

Қызмет атауы:

Ең үздік қолжетімді техникалар бюросының Сараптамалық бағалау басқармасының жетекші менеджері

2

Құрылымдық бөлім

Ең үздік қолжетімді техникалар бюросы

3

Функционалды міндеттері

1) СБ (КТА) қатысу үшін кәсіпорындардың тізбесін айқындау процесін жүзеге асыру;

2) кәсіпорындармен СБ (КТА) өткізуге арналған шарттардың орындалуын жасасу, бақылау және мониторингілеу;

3) СБ (КТА) жұмыс топтарының құрамына енгізу үшін экономика салалары бойынша тәуелсіз сарапшылар пулын қалыптастыру;

4) тәуелсіз сарапшылармен СБ (КТА)  өткізуге арналған шарттардың жасасу, орындалуын бақылау және мониторингілеу;

5) кешенді технологиялық аудит жүргізу, тәуелсіз сарапшылармен бірлесіп СБ  (КТА) қорытынды нәтижелерін талқылау, өнеркәсіптік кәсіпорындар, олар қолданатын технологиялар, жабдықтар туралы деректердің, ластаушы заттардың төгінділері, шығарындылары, қалдықтардың пайда болуы және басқа да әсер ету факторлары, экономикалық көрсеткіштер туралы деректердің құпиялылығын қамтамасыз ете отырып тексерілетін кәсіпорындар мен салалар бойынша есептер мен қорытындылар дайындау және олардың нәтижелерін талдау;

6) жетекшілік ететін бағыттар бойынша өнеркәсіптік кәсіпорындар ұсынған деректерді, олар қолданатын технологияларды, жабдықтарды, төгінділер, қоршаған ортаға эмиссиялар, қалдықтардың пайда болуы және басқа да ықпал ету факторлары туралы деректерді жүйелеу және өңдеу процесін жүзеге асыру;

7) салалық есепті дайындау бойынша сараптамалық топқа басшылықты жүзеге асыру, оның ішінде жетекшілік ететін бағыттар бойынша өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін СБ  (КТА) бойынша жұмыс жоспарын әзірлеу;

8) кәсіпорындармен келісілген қатынау кестесіне сәйкес кәсіпорындардың көшпелі аудиттерін (қажет болған жағдайда) ұйымдастыру және қатысу;

9) жетекшілік ететін бағыттар бойынша салалық қорытындыны қалыптастыру және сараптау;

10) уәкілетті органға презентациялық және талдамалық материалдарды дайындау;

11) жетекшілік ететін бағыттар бойынша есепке уәкілетті органның ескертулерін жою жөніндегі процесті жүзеге асыру;

12) жетекшілік ететін бағыттар бойынша СБ (КТА) жүргізген қызметті бағалау және тиімділігіне талдау жүргізу процесін жүзеге асыру;

13) салалық кәсіпорындарды СБ (КТА) қамту деңгейіне талдау жүргізу процесін жүзеге асыру. Жетекшілік ететін бағыттар бойынша СБ (КТА) келесі циклдеріне арналған ұсынысдарды дайындау;

14) ЕҚТ бойынша анықтамалықтың негізгі мүдделі тараптарын айқындауға қатысу, олардың болжамдарын зерделеу және талдау, тізбені жетекшілік ететін бағыттар бойынша уәкілетті органмен келісу;

15) ЕҚТ бойынша анықтамалықтарды талдау, іздеу және әлеуетті тапсырыс берушілермен өзара іс-қимыл жүргізу процесін жүзеге асыру;

16) функционалдық құзыреті бөлігінде ЕҚТ бюросының стратегиялық құжаттарын (Қоғамның Даму стратегиясы, жоспарлы жылға арналған даму жоспары, жоспарлы жылға арналған мемлекеттік тапсырма шартын іске асыру жөніндегі жол картасы) әзірлеу және іске асыруды қамтамасыз ету;

17) ЕҚТ бойынша ТК 110 құзыреті шеңберінде стандарттау жөніндегі құжаттарды әзірлеу бойынша ұсыныстар дайындау;

18) жұмыста дәлелді себеппен болмаған кезде ЕҚТА сараптамалық бағалау басқармасы басшысының/бас сарапшысының/бас менеджерінің міндеттерін орындау;

19) ІНҚ және тікелей басшының тапсырмаларына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.

 

  • Үміткерлерге қойылатын талаптар

1

Білімі (деңгейі, біліктілігі / академиялық немесе академиялық дәрежесі, бейіні, оқу орындарының атаулары жақсырақ)

Жаратылыстану ғылымдары (экология)/ ауыл шаруашылығы ғылымдары/ техникалық ғылымдар және технологиялар, құқық/ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар/ Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім.

2

Кәсіби тәжірибе (ұзақтығы, саласы, салалары және басқалары)

Кәсіби салада немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда практикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл

(экология саласындағы, қоғамның бейініне сәйкес келетін институттардағы және/немесе Мемлекеттік басқару органдарындағы лауазымның функционалдық бағыттары бойынша).

3

Қосымша талаптар

Мүмкіндігінше қоршаған ортаны қорғау, эко-менеджмент, эко-аудит саласында сертификаттаудың болуы.

4

Кәсіби құзыреттер (білім, білік, дағды)

1) Қоршаған ортаны қорғау, Техникалық реттеу саласындағы қызметті регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ Қоғам қызметінің басым бағыттарын айқындайтын салалық заңнаманы білуі;

2) қоршаған ортаға теріс әсерді төмендетуге бағытталған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламаларын білу;

3) Қазақстан Республикасының экологиялық және салық заңнамасын білу;

4) ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, өндірістік санитарияны, өрт қауіпсіздігі талаптарын білу;

5) стратегияларды, саясаттарды, тұжырымдамаларды және салалық бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру дағдылары;

6) қоршаған ортаны қорғауға байланысты мәселелер мен жобалар бойынша сыртқы органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл тәжірибесі;

7) компаниялардың қоршаған ортаға теріс әсерін төмендетуге бағытталған саладағы қызметін экономикалық ынталандыру шараларын жақсарту бойынша ұсынымдар әзірлеу дағдылары;

8) деректердің үлкен көлемімен жұмыс істеу, талдау және ұсынымдар әзірлеу дағдылары;

9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне ұсыныстар әзірлеу және өзгерістер енгізу дағдылары;

10) шарттық жұмысты жүргізу дағдылары;

11) Талдамалық дағдылар, халықаралық стандарттарды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және ұлттық / салалық стандарттарға бейімдеу дағдылары;

12) Қазақстан Республикасының Стандарттау және сертификаттау саласындағы заңнамасын білу;

13) корпоративтік басқару қағидаттарын білу;

14) орнықты даму жүйелерін құру қағидаттары мен әдістерін білу;

15) жақсырақ ағылшын тілін білу;

16) MS Office бағдарламаларының сенімді пайдаланушысы;

17) заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып жұмыс істеу дағдылары.

5

Жеке сипаттамалары

Мүдделі тараптардың кең спектрімен жұмыс істеу дағдылары;

Келіссөздер жүргізу дағдылары, консенсус құру;

Қарым-қатынас және презентация дағдылары (көпшілік алдында сөйлеу, сұхбаттасу, жарияланымдардағы тәжірибе).

6

Мемлекеттік тілді қоса алғанда, тілді білу

Орыс, қазақ тілдерін білу. Ағылшын тілін «орта деңгейден» төмен емес деңгейде білу (қажет)

7

Дербес компьютерде жұмыс істеу дағдылары (бағдарламалар, білу деңгейі):

MS Office бағдарламаларының сенімді пайдаланушысы; заманауи ақпараттық технологияларды қолдану дағдылары.

Сараптамалық бағалау басқармасының жетекші менеджері Сараптамалық бағалау басқармасының жетекші менеджері
Мәңгілік Ел даңғылы, С1.4 Z00Y4T8 Нұр-Сұлтан Ақмола облысы Қазақстан