Мониторинг, аналитика және КЭР басқарма жетекші менеджері

  • Орын туралы ақпарат

1

Қызмет атауы:

Ең үздік қолжетімді техникалар Бюросының

мониторинг, аналитика және КЭР басқарма жетекші менеджері

2

Құрылымдық бөлім

Ең үздік қолжетімді техникалар бюросы

3

Функционалды міндеттері

1) ЕҚТ анықтамалықтарын қолдану мониторингін жүргізу, ЕҚТ енгізу дәрежесін және енгізілген ЕҚТ-дан қол жеткізілген әсерді талдау;

2) әлемде жаңа ЕҚТ пайда болу жөнінде аралық талдау жүргізу;

3) ЕҚТ Анықтамалықтарының өзектілігі мен жұмысқа қабілеттілігіне талдау жүргізу;

4) ЕҚТ анықтамалықтарын қайта қарау, ЕҚТ анықтамалықтарын өзектендіру қажеттілігі бойынша ұсынымдар дайындау;

5) ЕҚТ бойынша анықтамалықтың тиімділігіне талдау жүргізу (ЕҚТ бойынша анықтамалықты енгізудің ықтимал артықшылықтарын (эмиссияларды қысқарту (шығарындылар, төгінділер, қалдықтар) және ресурс сыйымдылығын) ЕҚТ енгізуге салалық операторлардың шығындарын талдаумен салыстыру;

6) ЕҚТ анықтамалықтары басқармасымен бірлесіп, ЕҚТ перспективалық анықтамалықтарын әзірлеу кестесін қалыптастыру;

7) ЭЫДҰ елдерінің КЭР беру жөніндегі тәжірибесін зерделеу;

8) кешенді экологиялық рұқсат алуға өтінімді ресімдеу және сүйемелдеу;

9) Мониторинг, аналитика және КЭР басқармасы құзыретіне кіретін мәселелер бойынша уәкілетті органға презентациялық және талдамалық материал дайындау;

10) Мониторинг, аналитика және КЭР басқармасы бас сарапшысының міндеттерін ол болмаған кезеңде дәлелді себеппен орындау;

11) функционалдық құзыреттілік бөлігінде ЕҚТБ стратегиялық құжаттарын әзірлеу және іске асыруды қамтамасыз ету (Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының Даму стратегиясы, жоспарлы жылға арналған даму жоспары, жоспарлы жылға арналған БП 044 іске асыру жөніндегі жол картасы);

12) ЖҰӨ-ге және тікелей басшының тапсырмаларына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.

 

  • Үміткерлерге қойылатын талаптар

1

Білімі (деңгейі, біліктілігі / академиялық немесе академиялық дәрежесі, бейіні, оқу орындарының атаулары жақсырақ)

Жаратылыстану ғылымдары (экология)/ ауыл шаруашылығы ғылымдары/ техникалық ғылымдар және технологиялар, құқық/ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар/ Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім.

2

Кәсіби тәжірибе (ұзақтығы, саласы, салалары және басқалары)

Кәсіби салада немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда практикалық жұмыс өтілі болған жөн

(экология саласындағы, қоғамның бейініне сәйкес келетін институттардағы және/немесе Мемлекеттік басқару органдарындағы лауазымның функционалдық бағыттары бойынша).

3

Қосымша талаптар

Қоршаған ортаны қорғау, эко-аудит, эко-менеджмент саласында сертификаттаудың болғаны жөн.

4

Кәсіби құзыреттер (білім, білік, дағды)

1) Қоршаған ортаны қорғау, Техникалық реттеу саласындағы қызметті регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ Қоғам қызметінің басым бағыттарын айқындайтын салалық заңнаманы білу;

2) Қоршаған ортаға теріс әсерді азайтуға бағытталған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламаларын білу;

3) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын білу;

4) ішкі еңбек тәртібі, өндірістік санитария қағидаларын, өрт қауіпсіздігі талаптарын білу;

5) стратегияларды, саясаттарды, тұжырымдамалар мен салалық бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру дағдылары;

6) қоршаған ортаны қорғауға байланысты мәселелер мен жобалар бойынша сыртқы органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл тәжірибесі;

7) компаниялардың қоршаған ортаға теріс әсерін төмендетуге бағытталған саладағы қызметін экономикалық ынталандыру шараларын жақсарту жөнінде ұсынымдар әзірлеу дағдылары;

8) деректердің үлкен көлемімен жұмыс істеу, талдау және ұсынымдар әзірлеу дағдылары;

9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне ұсыныстар әзірлеу және өзгерістер енгізу дағдылары;

10) шарттық жұмыс жүргізу дағдылары;

11) Талдамалық дағдылар, халықаралық стандарттарды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және ұлттық / салалық стандарттарға бейімдеу дағдылары;

12) Қазақстан Республикасының Стандарттау және сертификаттау саласындағы заңнамасын білу;

13) корпоративтік басқару қағидаттарын білу;

14) орнықты даму жүйелерін құру қағидаттары мен әдістерін білу.

5

Жеке сипаттамалары

Мүдделі тараптардың кең ауқымымен жұмыс істеу дағдысы;

Келіссөздер жүргізу, консенсусқа қол жеткізу;

Коммуникациялық және презентациялық дағдылар (көпшілік алдында сөйлеу, сұхбат, жариялау тәжірибесі).

6

Мемлекеттік тілді қоса алғанда, тілді білу

Орыс, қазақ тілдерін білу. Ағылшын тілін «орта деңгейден» төмен емес деңгейде білген жөн

7

Дербес компьютерде жұмыс істеу дағдылары (бағдарламалар, білу деңгейі):

MS Office бағдарламаларының сенімді пайдаланушысы;

заманауи ақпараттық технологияларды қолдану дағдылары.

Мониторинг, аналитика және КЭР басқарма жетекші менеджері Мониторинг, аналитика және КЭР басқарма жетекші менеджері
Мәңгілік Ел даңғылы, С1.4 Z00Y4T8 Нұр-Сұлтан Ақмола облысы Қазақстан