2023 жылғы қазанның аяғында Қазақстанда орнықты қаржыландыру нарығында жалпы сомасы 226,9 млрд. теңгеден астам облигациялар орналастырылды және кредиттер берілді. Жасыл облигациялар мен жасыл кредиттерді қоса алғанда, «жасыл» тақырып бойынша құралдар барлық көлемнің 66% -ын құрады.
Жасыл қаржыландыру құралдарының көлемі 150,2 млрд теңгені құрады, оның ішінде жасыл облигациялар 112,9 млрд теңгені, ал жасыл кредиттер – 37,3 млрд теңгені құрады.
Эмитенттер арасында жасыл қаржыландыру құралдарын шығару көлемі бойынша халықаралық қаржы институттары басым:
АДБ
Еуразиялық даму банкі
Одан кейін энергетикалық компаниялар келеді:
«СамұрықЭнерго» АҚ
«KEGOC» АҚ
Мемлекет қатысатын отандық қаржы институттары:
«Қазақстанның даму банкі» АҚ
«Даму» КДҚ
Жергілікті жеке меншік қаржы институттары:
Halyk Bank