IGTIC қызметкерлеріне Эколог күніне орай ведомстволық марапаттар табысталды

IGTIC қызметкерлеріне Эколог күніне орай ведомстволық марапаттар табысталды

Эколог күні қарсаңында «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ (IGTIC) қызметкерлері экологиялық саясатты дамытуға, жасыл технологияларды енгізуге және орнықты даму қағидаттарын ілгерілетуге қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің ведомстволық наградаларымен марапатталды.

Тиісті наградалар экологиялық бастамаларды іске асыруға, жасыл экономиканы дамытуға, ең үздік қолжетімді технологияларды енгізуге және Қазақстанда инновациялық жобаларды қолдауға елеулі үлес қосып жүрген Орталық мамандарына берілді.

«Экология саласының үздігі» төсбелгісімен («Отличник экологической отрасли»):

  • Зарина Асылбекова, Жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар департаментінің бас менеджері;
  • Алтынай Мұхамедина, Жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар департаментінің бас менеджері наградталды.

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің Құрмет грамотасымен:

  • Айдар Есембаев, Жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар департаменті Технологияларды коммерцияландыру жөніндегі құзыреттер офисінің басшысы наградталды.

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің Алғыс хаты:

  • Әлішер Құмарғалиевке, Ең үздік қолжетімді техникалар бюросының Мониторинг, талдау және кешенді экологиялық рұқсаттар басқармасының бас менеджеріне;
  • Дәурен Майданға, Ең үздік қолжетімді техникалар бюросының Ең үздік қолжетімді техникалар жөніндегі анықтамалықтар басқармасының бас менеджеріне табысталды.

«Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ марапатталған қызметкерлерді және экологиялық саланың барлық өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтайды, мол табыс, жаңа жетістіктер және Қазақстанның экологиясы мен орнықты дамуы игілігі жолындағы маңызды бастамаларды іске асыруда сәттілік тілейді.