Су ресурстары бойынша мамандандырылған ментор

"Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" КЕАҚ "Қазақстандағы таза технологиялар саласындағы инновациялардың жаһандық бағдарламасы: Қазақстанда жасыл жұмыс орындарын ашу үшін ШОБ-та таза технологиялар мен кәсіпкерлік саласындағы инновацияларды ілгерілету" жобасы бойынша жобалық іс-шараларды орындау және іске асыру үшін мынадай мамандарды жұмысқа шақыратыны туралы хабарлайды:

1) Су ресурстары бойынша мамандандырылған ментор.

Біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар қоса берілген өтінімдер 5 (бес) жұмыс күні ішінде қабылданады. Өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 12 маусымда басталады.

Қойылатын біліктілік талаптарымен және техникалық тапсырмамен танысу үшін сілтемелерге кіру қажет.

Қызметтер көрсету үшін бөлінген сома салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді ескере отырып, 2 250 000 (екі миллион екі жүз елу мың) теңге.

Лауазымға қызығушылық танытқан жағдайда, конкурсқа қатысуға өтінім мен қоса берілген нысан бойынша баға ұсынысын, жеке куәлікті, түйіндемені және біліктілікті растайтын құжаттарды (түйіндеме, жоғары білім туралы құжат, сертификаттар (бар болса), қосымша мәліметтер) мына электрондық мекенжайға ұсынуыңызды сұраймыз: hr@igtipc.org.

Техникалық тапсырма

Біліктілік талаптары

Келісім шарт жобасы

Forma zayavki i tsenovoye predlozheniye

Су ресурстары бойынша мамандандырылған ментор Су ресурстары бойынша мамандандырылған ментор
Мәңгілік Ел даңғылы, С1.4 Z00Y4T8 Нұр-Сұлтан Ақмола облысы Қазақстан