• Басты бет
  • Хабарландырулар
  • Жасыл Климаттық Қорға арналған секторларды басымдыққа алу және жобалар пулын әзірлеу үшін климаттың өзгеруі саласындағы заңнаманы үйлестіру процесін сүйемелдеу жөніндегі Ұлттық консультант

Жасыл Климаттық Қорға арналған секторларды басымдыққа алу және жобалар пулын әзірлеу үшін климаттың өзгеруі саласындағы заңнаманы үйлестіру процесін сүйемелдеу жөніндегі Ұлттық консультант

«Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ Readiness - II «Бағдарламалау саласындағы Қазақстанның әлеуетін одан әрі нығайту, Жасыл Климат Қорына (бұдан әрі – ЖКҚ) тікелей қолжетімділікті кеңейтуді институционалдық қолдау және "жасыл" қаржы жүйесін дамыту» жобаcы бойынша жобалық іс-шараларды орындау және іске асыру үшін келесі маманды тартатыны туралы жариялайды:

  • Жасыл Климаттық Қорға арналған секторларды басымдыққа алу және жобалар пулын әзірлеу үшін климаттың өзгеруі саласындағы заңнаманы үйлестіру процесін сүйемелдеу жөніндегі Ұлттық консультант

Мамандарды іріктеу кандидаттардың экономикалық, экологиялық немесе заңнамалық сараптамалық білімдері және олардың біліктілік талаптарына сәйкестігі негізінде жүргізіледі.

Біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, өтінімдер 22 сәуірден бастап қабылданады.

Қызметтер көрсету үшін бөлінген сома салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді ескере отырып, 3 500 000 тенге.

Қойылатын біліктілік талаптарымен және техникалық тапсырмамен танысу үшін төменгі сілтемелерге кіру қажет.

Жеке кәсіпкерлер ретінде тіркелген жеке тұлғалар қарауға және бағалауға жіберілмейді.

Лауазымға мүдделі болған жағдайда конкурсқа қатысуға өтінім мен қоса берілген нысан бойынша баға ұсынысын, жеке куәлікті, түйіндемені және біліктілікті растайтын құжаттарды (түйіндеме, жоғары білім туралы құжат, сертификаттар (бар болса), қосымша мәліметтер) мына электрондық мекенжайға ұсынуыңызды сұраймыз: hr@igtipc.org.

Техникалық тапсырма

Біліктілік талаптары

Келісім-шарт жобасы

Өтінім және баға ұсынысы формасы

 

Жасыл Климаттық Қорға арналған секторларды басымдыққа алу және жобалар пулын әзірлеу үшін климаттың өзгеруі саласындағы заңнаманы үйлестіру процесін сүйемелдеу жөніндегі Ұлттық консультант Жасыл Климаттық Қорға арналған секторларды басымдыққа алу және жобалар пулын әзірлеу үшін климаттың өзгеруі саласындағы заңнаманы үйлестіру процесін сүйемелдеу жөніндегі Ұлттық консультант
Мәңгілік Ел даңғылы, С1.4 Z00Y4T8 Нұр-Сұлтан Ақмола облысы Қазақстан