• Басты бет
  • Хабарландырулар
  • "Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" КЕАҚ төмендегі маманды жұмысқа шақыратыны туралы хабарлайды

"Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" КЕАҚ төмендегі маманды жұмысқа шақыратыны туралы хабарлайды

"Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" КЕАҚ "Қазақстанның түрлі салаларындағы ESG факторларын бағалау, олардың венчурлік инвестициялар мен нарыққа ықпалына баса назар аудара отырып" сауалнамасын жасау және іске асыру, қазақстандық компаниялар арасында сауалнама жүргізу, алынған нәтижелер негізінде PPT форматында презентация жасау үшін келесі маманды жұмысқа шақыратыны туралы хабарлайды:

- ESG-зерттеулері бойынша маман.

Мамандарды іріктеу кандидаттардың экономикалық, экологиялық немесе заңнамалық сараптамалық білімдері және олардың біліктілік талаптарына сәйкестігі негізінде жүргізіледі.

Біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, өтінімдер 5 (бес) жұмыс күні ішінде қабылданады. Өтінімдер 2024 жылғы 15 мамыр мен 21 мамыр аралығында қабылданады.

Қызметтер көрсету үшін бөлінген сома салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді ескере отырып 300 000 теңге.

Қойылатын біліктілік талаптарымен және техникалық тапсырмамен танысу үшін төмендегі сілтемелерге кіру қажет.

Ұсынылған қызметке қызығушылық танытқан жағдайда, конкурсқа қатысуға өтінім мен қоса берілген нысан бойынша баға ұсынысын, жеке куәлікті, түйіндемені және біліктілікті растайтын құжаттарды (түйіндеме, жоғары білім туралы құжат, сертификаттар (бар болса), қосымша мәліметтер) электрондық мекенжайға жіберуіңізді сұраймыз: hr@igtipc.org.

Техникалық тапсырма

Біліктілік талаптары

Келісім-шарт жобасы

Өтінім нысаны және баға ұсынысы

"Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" КЕАҚ төмендегі маманды жұмысқа шақыратыны туралы хабарлайды "Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" КЕАҚ төмендегі маманды жұмысқа шақыратыны туралы хабарлайды
Мәңгілік Ел даңғылы, С1.4 Z00Y4T8 Нұр-Сұлтан Ақмола облысы Қазақстан