• Басты бет
  • Хабарландырулар
  • "Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" КЕАҚ жобаға негізгі бизнес-менторлар ретінде қатысуға шақырады

"Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" КЕАҚ жобаға негізгі бизнес-менторлар ретінде қатысуға шақырады

"Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" КЕАҚ "Қазақстандағы таза технологиялар саласындағы инновациялардың жаһандық бағдарламасы - Қазақстанда жасыл жұмыс орындарын ашу үшін ШОБ-та таза технологиялар мен кәсіпкерлік саласындағы инновацияларды ілгерілету" (бұдан әрі-GCIP-Kazakhstan) жобасына негізгі бизнес-менторлар ретінде қатысуға шақырады.

5 (бес) негізгі бизнес-менторларды іріктеу кандидаттардың сараптамалық білімі мен тәжірибесі және олардың біліктілік талаптарына сәйкестігі негізінде жүргізіледі.

Іріктеп алынған 5 (бес) негізгі бизнес-ментор NGIN (Network for Global Innovation). америкалық компаниясының тренингтерін оқиды және сертификаттарын алады.

Біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар қоса берілген өтінімдер 5 (бес) жұмыс күні ішінде қабылданады.  Өтінімдерді қабылдауды бастау мерзімі 2024 жылғы 7 маусым.

Әрбір негізгі бизнес-менторға көрсететін қызметі үшін бөлінген сома салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді ескере отырып, 2 250 000 теңге.

Қойылатын біліктілік талаптарымен және Техникалық тапсырмамен танысу үшін сілтемелер бойынша өту қажет.

Лауазымға қызығушылық танытқан жағдайда, конкурсқа қатысуға өтінім мен баға ұсынысын, жеке куәлікті, түйіндемені және біліктілікті растайтын құжаттарды (түйіндеме, жоғары білім туралы құжат, сертификаттар (бар болса), қосымша мәліметтер) электрондық мекенжайға ұсынуыңызды сұраймыз: hr@igtipc.org.

Техникалық тапсырма

Біліктілік талаптары

Келісім-шарт жобасы

Өтінім нысаны және баға ұсынысы

"Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" КЕАҚ жобаға негізгі бизнес-менторлар ретінде қатысуға шақырады "Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" КЕАҚ жобаға негізгі бизнес-менторлар ретінде қатысуға шақырады
Мәңгілік Ел даңғылы, С1.4 Z00Y4T8 Нұр-Сұлтан Ақмола облысы Қазақстан