Әлеуметтік-экологиялық мәселелер жөніндегі Ұлттық консультант

"Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" КЕАҚ "Қазақстандағы таза технологиялар саласындағы инновациялардың жаһандық бағдарламасы - Қазақстанда жасыл жұмыс орындарын ашу үшін ШОБ-да таза технологиялар мен кәсіпкерлік саласындағы инновацияларды ілгерілету" жобасы бойынша жобалық іс-шараларды орындау және іске асыру үшін мынадай мамандарды тартатыны туралы хабарлайды:

1) Әлеуметтік-экологиялық мәселелер жөніндегі Ұлттық консультант (Қазақстан Республикасындағы бағдарламаның негізгі стейкхолдерлерімен өзара іс-қимыл және экологиялық және әлеуметтік сын-тегеуріндер жөніндегі мәселелерді қоса алғанда, экожүйе желісін (CIEE) нығайту және өзара іс-қимыл жасау үшін құралдарды әзірлеу жөніндегі консультант).

Мамандарды іріктеу кандидаттардың экономикалық, экологиялық немесе заңнамалық сараптамалық білімдері және олардың біліктілік талаптарына сәйкестігі негізінде жүргізіледі.

Біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, өтінімдер 5 (бес) жұмыс күні ішінде қабылданады. Өтінімдерді қабылдауды бастау мерзімі 17.05.2024 ж.

Қойылатын біліктілік талаптарымен және техникалық тапсырмамен танысу үшін сілтемелерге кірум қажет.

Қызметтер көрсету үшін бөлінген сома салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді ескере отырып, 8 390 000 (сегіз миллион үш жүз тоқсан мың) теңге.

Қызметке мүдделілік танытқан жағдайда конкурсқа қатысуға өтінім мен қоса берілген нысан бойынша баға ұсынысын, жеке куәлікті, түйіндемені және біліктілікті растайтын құжаттарды (түйіндеме, жоғары білім туралы құжат, сертификаттарды (бар болса), қосымша мәліметтер) мына электрондық мекенжайға ұсынуыңызды сұраймыз: hr@igtipc.org

Техникалық тапсырма

Біліктілік талаптары

Келісім шарт жобасы 

Өтінім нысаны және баға ұсынысы

Әлеуметтік-экологиялық мәселелер жөніндегі Ұлттық консультант Әлеуметтік-экологиялық мәселелер жөніндегі Ұлттық консультант
Мәңгілік Ел даңғылы, С1.4 Z00Y4T8 Нұр-Сұлтан Ақмола облысы Қазақстан