Ұлттық техникалық кеңесші

"Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" КЕАҚ "Қазақстандағы таза технологиялар саласындағы инновациялардың жаһандық бағдарламасы: Қазақстанда жасыл жұмыс орындарын ашу үшін ШОБ-та таза технологиялар мен кәсіпкерлік саласындағы инновацияларды ілгерілету" жобасы бойынша жобалық іс-шараларды орындау және іске асыру үшін мынадай мамандарды жұмысқа шақыратыны туралы хабарлайды:

1) Ұлттық техникалық кеңесші.

Біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар қоса берілген өтінімдер 5 (бес) жұмыс күні ішінде қабылданады. Өтінімдерді қабылдауды бастау мерзімі 2024 жылғы 12 маусым.

Қойылатын біліктілік талаптарымен және Техникалық тапсырмамен танысу үшін сілтемелерге кіру қажет.

Қызметтер көрсету үшін бөлінген сома салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді ескере отырып, 9 620 000 (тоғыз миллион алты жүз жиырма мың) теңге.

Лауазымға қызығушылық танытқан жағдайда, конкурсқа қатысуға өтінім мен қоса берілген нысан бойынша баға ұсынысын, жеке куәлікті, түйіндемені және біліктілікті растайтын құжаттарды (түйіндеме, жоғары білім туралы құжат, сертификаттар (бар болса), қосымша мәліметтер) электрондық мекенжайға ұсынуыңызды сұраймыз: hr@igtipc.org.

Техникалық тапсырма

Біліктілік талаптары

Келісім-шарт жобасы

 

Ұлттық техникалық кеңесші Ұлттық техникалық кеңесші
Мәңгілік Ел даңғылы, С1.4 Z00Y4T8 Нұр-Сұлтан Ақмола облысы Қазақстан